Ядролық клуб

Ядролық клуб – ядролық, жаппай қырып-жою қуаты бар қаруларды иеленген елдердің атауы. Ядролық клубтың алғашқы мүшесі ретінде АҚШ-ты атауға болады. Бұл ел 1945 ж. 6 және 9 тамызда Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына қуаты 20 килотонна (кт) болатын 2 ядролық бомбаны тастаған болатын. 1949 ж. осындай алып жойғыш күші бар қаруды Кеңес Одағы Семей полигонында сынақтан өткізді. АҚШ пен КСРО-дан кейін ядролық клубқа мүшелікке Ұлыбритания, Франция және Қытай кірді. 1996 – 98 ж. Үндістан мен Пәкстан ядролық қаруларды иемденген. 21 ғ-дың басында ресми түрде 7 ел ядролық клубқа мүше болды. Олар 1963 жылдан ядролық қаруларды тарап кету қаупінен сақтану шараларын қолға алуды бастады. АҚШ пен КСРО сол жылы ядролық қаруды ауада, ғарышта және жер астында сынақтан өткізбеуге қол қойылды. Стратегиялық қаруларды қысқарту (мамыр, 1972); ядролық қаруларды сынақтан өткізуді шектеу (маусым, 1974); ядролық жарылыстарды жер астында бейбіт мақсатқа пайдалану туралы шарт (мамыр, 1976), т.б. көптеген әлемдік бейбітшілікті нығайтуға бағытталған құжаттарды ядролық клубқа кіретін елдер іске асырды. 1991 ж. желтоқсанда КСРО тараған кезде 4 республиканың (РФ, Қазақстан, Украина, Беларусь) аумақтарында ядролық қару болды. Қазақстан, Украина, Беларусь республикалары ірі державалар (АҚШ, Ресей, т.б.) тарапынан өз аумақтарының қауіпсіздігіне кепілдік алғаннан кейін ядролық қарудан өз еріктерімен бас тартты. КСРО-ның ядролық қуатына ие болған Ресей ядролық клубтың толыққанды мүшесіне айналып, бұрынғы КСРО қабылдаған келісімдер мен шарттарды орындауға міндеттелінді. Ядролық клуб мүшелерінің арасында 20 ғасырдың аяғы мен 21 ғасырдың басында ракеталық қарулардан қорғаныс туралы келісім шартқа қол қою мәселелерінің маңызы артты. Соңғы 10 – 15 жылда ядролық қаруды ресми түрде иемденген 7 елдің қатарына Израиль, Иран, Солтүстік Корея сияқты елдердің де кіруі ықтимал деген пікір бар. Өйткені аталған мемлекеттерде бейресми түрде ядролық қарулар бар болуы ықтимал деп есептеледі. Сондықтан алдағы уақытта ядролық клуб мүшелерінің саны өседі деп күтілуде.[1]

Ядролық қарудың әлем елдеріндегі даму дәрижесі

Ядролық державалар

өңдеу

Қолда бар ресми деректерге сәйкес келесі мемлекеттер ядролық қаруға ие немесе иеленеді (алғашқы ядролық сынақ өткізілген жыл немесе қаруды иелену мерзімі бойынша):

МемлекетСынақ жылыЕскертпелер
1 АҚШ1945Адамзат тарихындағы жалғыз басқа елдің аумағында екі атом қаруын қолдану (Жапония, Хиросима және Нагасаки қалалары)

Өз аумағында (Невада штаты) және Бикини атоллында сынақтар

2 КСРО / Ресей Федерациясы1949Сынақтар тек өз аумағында (КСРО)

Жаңа Жер аралдары, Семей, Сары Шаған, Капустин Яр.

3 Ұлыбритания1952Рождество аралынан 50 км қашықтықтағы Монте-Белло аралдарында сынақтар
4 Франция1960Алжир аумағындағы сынақтар
5 Қытай1964Сынақтар тек өз аумағында (озеро Лоб-Нор)
6 Үндістан1974Нақты деректер жоқ
7 Израиль1979Атом қаруының болуын жоққа шығарады
- Оңтүстік Африка Республикасы19791989 жылдарда иеленген1989 жылы ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлемдегі бірінші мемлекет
- Қазақстан19911992 жылдарда иеленгенАҚШ-тың көмегімен ядролық арсеналын хаттама бойынша Ресей Федерациясына берді
- Украина19911994 жылдарда иеленгенӨзінің ядролық арсеналын Ресей Федерациясына сыйға тартты
- Беларусь19911994 жылдарда иеленгенӨзінің ядролық арсеналын Ресей Федерациясына сыйға тартты
8 Пәкістан1998Нақты деректер жоқ
9 Корей Халық Демократиялық Республикасы2006Сынақтар тек өз аумағында


Дереккөздер:

өңдеу
  1. Қазақ энциклопедиясы, 10 - том