Шыбыншылар тұқымдасы

Шыбыншылар тұқымдасы (лат. Muscicapidae) – Торғайтәрізділер құстар отрядына жататын 73 тұқымдастың біреуі. Шыбыншы тұқымдас құстар – ормандарда және қалың өскен бұталарда, сондай-ақ дақылды ландшафта да мекендейтін ұсақ тоғайтәріздес құстар. Дене бітімі едәуір тығыз, жабын қауырсындары тегіс, жұмсақ. Қанаты біршама үшкірлеу. Тұсығы – бунақдене жегіш құстар ретінде жіңішке, жұп жағы кең, жалпақтау, ұшында кішкене ілмегі бар. Езуінде аулағыш аумақты үлкенірек ететін жақсы дамыған қылтандары болады. Түрдің көпшілігі ұшып жүрген бунақденелілерді ағаш бұтақтарынан аңдып аулайды. Аяқтары – әлсіз және қысқа, жерде ұзақ жүруге бейімделмеген. Жабын қауырсындарының реңі – бір түстес реңсізден өте көрікті ашық түсті болып келеді. Бір түрлердің аталықтары аналықтарынан жақсы ажыратылса, екінші түрлерінде олар ұқсас болады. Жас құстар әрқашан теңбілді болғанымен, алғашқы күзде қауырсындарын ауыстырып, аналықтардан айырмашылығы болмай қалады[1].

Шыбыншылар тұқымдасы
White-eyed slaty flycatcher, Melaenornis fischeri
White-eyed slaty flycatcher,
Melaenornis fischeri
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Chordata
Табы:Aves
Сабы:Passeriformes
Кіші сабы:Сайрағыш құстар
Тұқымдасы:Muscicapidae
Fleming J., 1822

Дереккөздер өңдеу

  1. Құстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра
🔥 Top keywords: Басты бетҚазақ хандығыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күніҚазақстан мемлекеттік рәміздеріЖүсіпбек АймауытовҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныАбай ҚұнанбайұлыБеғазы-Дәндібай мәдениетіАрнайы:ІздеуАлаш партиясыДоктринаШоқан Шыңғысұлы УәлихановТүрік қағанатыҚазақстанАрифметикалық прогрессияАхмет БайтұрсынұлыМұхтар Омарханұлы ӘуезовҚазақша жыл санауАбай жолы (роман)СақтарАқ Орда (мемлекет)ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыЫбырай АлтынсаринБұрыштың радиандық өлшеміҰлы Жібек жолыҚазақ хандарыОрталық АзияАлланың есімдеріҒұндарҮйсін мемлекетіКүнделік.кзҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіЖәдидшілдікКөмірсуларҚазақстан туыҒұндар мемлекетіАқпараттық қауіпсіздікЖасуша