Халықаралық Алматы әуежайы

Халықаралық Алматы Әуежайы (ағылш. Almaty International Airport) Қазақстандағы ең үлкен әуежай. Ол Алматы Орталығынан 18 километр қашықтықта орналасқан. Әуежай арқылы Қазақстан бойынша жолаушылардың жартысы және жүктердің 68% өтеді. [2] 2011 жылы әуежай 3,665,538 жолаушыға қызмет көрсеткен (2010 жылмен салыстырғанда 19%-тік өсім). [3] Әуежайды «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ басқарады, акцияларының 100% түрік TAV Airports Holding компаниясына тиесілі[4].

Халықаралық Алматы Әуежайы

IATA: ALAICAO: UAAA
ALA (Қазақстан)
ALA
Қазақстандағы әуежайдың орналасқан жері
Қысқаша мәлімет
Әуежай түріАзаматтық
ИесіGroupe ADP
ОператорыTAV Airports Holding
Қызмет көрсетедіАлматы, Қазақстан
Тасымалдаушы Хабы* Air Astana
Теңіз деңгейінен биіктігі681 м / 2234 ф
Координаттар43°21′07″ с. е. 077°02′26″ ш. б. / 43.35194° с. е. 77.04056° ш. б. / 43.35194; 77.04056 (G) (O) (Я)
Сайтыwww.alaport.com
Ұшып-қону жолақтары
Жолақ бағытыҰзындығыАйдыны
mft
05R/23L4,39714,427Асфальт
05L/23R4,50014,764Бетон
Статистикасы (2021)
ЖолаушыларШамамен 7 млн.
Source: 24.kz [1].

17 ақпанда Мәскеуде Мемлекетаралық авиация комитетінің Авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі кеңестің 32 сессиясы өтіп, Алматы әуежайының әуеайлағы ең үздік әуеайлақ атағына ие болды[5]

Тарихы

өңдеу
Кеңес дәуірінде болған ескі терминал

Әуежай 1935 жылы салынған. 1990 жылға дейін ол Кеңес Азаматтық Авиация Департаментінің бөлігі болып, 1991 жылы "Алматы Әуежайы" болып қайта құрылды. Сол кезден бері әуежай тәуелсіз бизнес бірлік ретінде өз жұмысын жалғастырды. Кейін ол Халықаралық Алматы Әуежайы ЖШС болып қайта аталды.

1998 жылы әуежай ұшып-қону жолағы (ҰҚЖ) жөндеуден өткеннен кейін, Алматы Әуежайы II категорияға ие болып, Халықаралық Әуежай статусын алды.

1999 жылдың 9 шілдесінде әуежай ресторанында өрт басталып, бүкіл әуежай терминалы жанып кетті. Жаңа терминалдың құрылысы 2004 жылы аяқталды.

Алматы Әуежайы Air Astana ұлттық тасымалдаушының хабы болып табылады. Сонымен қатар Орталық Азиядағы жүк тасымалдау хабы.

2008 жылдың қыркүйек айында екінші ұшып-қону жолағы ашылды. Жаңа ұшып-қону жолағына ICAO сертификаты беріліп, оған III категория берілді. Жолақ сапасы мен онда орнатылған заманауи құрал жабдықтар ұшу қарқыны бойынша әуе кемелерінің барлық түрін ешбір шектеусіз қабылдауға мүмкіндік береді. Жаңа ұшып-қону жолағы Орталық Азияда ең ұзын болып табылады.

Әуежайдың ұшаққа отыру залы
Әуежай тұрағындағы ұшақтар

Әуекомпаниялар мен бағытар

өңдеу

Ішкі

өңдеу
Әуе компаниясыБағыттары
Air AstanaАқтау, Ақтөбе, Астана, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Шымкент
SCATАқтау, Астана, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Семей, Шымкент, Тараз
SemeyaviaСемей
ZhezairЖезқазған

Халықаралық

өңдеу
Әуе компаниясыБағыттары
Air ArabiaШарджа
Air AstanaАқтау, Ақтөбе, Анталия, Астана, Атырау, Баку, Бангкок-Suvarnabhumi, Бейжің-Capital, Бішкек, Дели, Душанбе, Франкфурт, ГонКонг, Коломбо (Шри-Ланка), Ыстамбұл, Қарағанды, Қызылорда, Лондон-Хитроу, Орал, Өскемен, Павлодар, Сеул-Incheon, Шымкент, Шуанлю, Ташкент, Тбилиси.
Air SeychellesМаусымдық: Маэ (2022 жылдың 26 желтоқсанында басталады)
airBalticРига
Avia Traffic CompanyБішкек
AnadoluJetАнкара
Asiana AirlinesСеул
China Southern AirlinesҮрімші
Czech AirlinesПрага
DonbassaeroКиев-Boryspil
Etihad AirwaysАбу Даби
Hainan AirlinesБейжің-Capital
Irtysh AirҚарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Өскемен
KLMАмстердам
LufthansaФранкфурт
Mahan AirТегеран-Imam Khomeini
Pegasus AirlinesЫстамбұл-Sabiha Gökçen
RossiyaСанкт Петербор
RusLineЕкатеринбург
S7 AirlinesНовосібір
SCATАқтау, Анталия, Астана, Бодрум, Душанбе, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Санкт Петербор, Семей, Шарм әл-Шейх, Шымкент, Тараз, Ташкент
SemeyaviaСемей
Somon AirДушанбе
Sky AirlinesАнталия
Tajik AirДушанбе
Transaero AirlinesМәскеу-Домодедово
Turkish AirlinesЫстамбұл-Atatürk
Turkmenistan AirlinesАшғабат
Ukraine International AirlinesКиев-Boryspil
Uzbekistan AirwaysТашкент

Note:^1 : Although BMI's flight to London-Heathrow has a stop in Amritsar. It has no rights to transport passengers solely between Almaty and Amritsar.

Жолаушылар тасымалы

өңдеу

Жолаушылар тасымалы бойынша Алматы әуежайы Қазақстандағы ең ірі ауежай болып табылады. Төменгі кесте әуежайдың жылдық жолаушылар масымалын көрсетеді:

ЖылЖолаушылар саныӨзгеріс
20103,000,000
20113,665,538 22.2%
20124,003,004 9.2%
20134,323,224 8%
20144,588,866 6%
20154,905,307 6.9%
20164,878,450 0.5%
20175,640,800 15.6%
20185,686,926 1%
20196,422,721 13%
20203,669,668[6]42.9%
20216,103,657[7] 66.3%

Болашағы

өңдеу

Қазіргі уақытта, әуежайда жаңа терминал салынуда. Жаңа терминалды 2024 жылдың жаз мезгілінде іске қосу жоспарланған. Жаңа терминалдың басты артықшылығы advanced EDGE стандартына (экологиялық таза ғимараттарды сертификаттау жүйесі) сай болады. Айталық, энергияның 40%-дан астамын, судың 20%-дан астамын көлемін, сондай-ақ құрылыс кезінде материалдардың 20%-дан астамын үнемдеу көзделген. Бұдан бөлек салынып жатқан терминал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) стандарты бойынша Optimum деңгейіндегі сервиспен қамтамасыз етіледі. Әуежайға қызмет көрсетудің жаңа тұжырымдамасы жылдам, сапалы қызмет көрсетуді қамтып, шығындарды оңтайландыруға бағытталған. TAV Airports Holding Алматы әуежайын Орталық Азиядағы ірі жүк хабына айналдырып, Алматы облысын ілгерілетумен бірге Қазақстанға жаңа авиакомпанияларды тартуды жоспарлап отыр.

Дереккөздер

өңдеу

Сыртқы сілтемелер

өңдеу
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Almaty International Airport