Фридрих Вольф

Фридрих Вольф (Үлгі:Lang-dutch) – неміс жазушысы, драматург, қоғам және саяси қайраткер.[1]

1917 жылдан бастап әдебиетке бет бұрады. 1919 жылы «Бұл – сен» атты тұңғыш пьесасы жарық көреді. Бір жылдан соң «Қара күн» атты драмалық шығармасын жазады. 1924 жылы «Кедей Конрад», 1929 жылы «Цианды калий» атты пьесалары жарық көреді. 1928 жылы Герман Коммунистік партиясының және пролетариат жазушылар одағының мүшесі болып сайланады.

1934 жылы КСРО-ға келеді. Мұнда ол өзінің атақты «Профессор Мамлок» атты пьесасын шығарады. Оның пьесалары дүниежүзінің театрларында қойылған. 1942 жылы «Қызыл жұлдыз» орденін, 1949 жылы ГДР халық сыйлығын («Профессор Мамлок» пьесасы үшін), 1950 жылы ГДР халық сыйлығын («Құдайлар кеңесі» атты фильмнің сценарийі үшін) иеленеді.

Дереккөздер

өңдеу
  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D1%84,_%D0%A4%D1%80%D0%B8%D0%B4%D1%80%D0%B8%D1%85