Усман Дембеле

Усман Дембеле (фр. Ousmane Dembélé; 15 мамыр, 1997, Вернон, Франция) — франциялық футболшы, Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы. 2018 жылғы әлем чемпионы.

Усман Дембеле Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

15 мамыр 1997 (1997-05-15) (27 жас)

Туған жері

Вернон, Франция

Азаматтығы

Франция Франция

Бойы

178

Салмағы

67

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Барселона

Номері

7

Жастар клубы
2004—2009Франция Мадлен Эврё
2009—2010Франция Эврё
2010—2015Франция Ренн
Клуб карьерасы[* 1]
2014—2016Франция Ренн26 (12)
2014—2015Франция Ренн B22 (13)
2016—2017Германия Боруссия (Дортмунд)32 (6)
2017—Испания Барселона102 (19)
Ұлттық құрамы[* 2]
2013—2014Франция Франция-178 (4)
2014—2015Франция Франция-185 (0)
2015Франция Франция-193 (1)
2016Франция Франция-214 (0)
2016— Франция27 (4)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Клубтық мансабы

өңдеу

2015 жылы 1 қазанда кәсіби мансабындағы алғашқы келісім шартын жасады, яғни ол 2010 жылдан бастап «Реннің» жасөспірімдік командасында өнер көрсетіп, негізгі командасымен келісім шартқа тұрды. 2015 жылы 6 қарашада "Реннің" негізгі командасында дебюттік ойынын өткізді, ол «Анже» клубына қ ойында Камил Гросицкименен алмасқан. 22 қарашада алғашы рет негізгі сатыда аланға шығып, «Бордоға» қарсы алғашқы голын соқты. 2016 жылы 6 наурызда «Нантқа» қарсы ойында алғашқы хет-трикті жасады.

2016 жылы 12 мамырда Дембеле дортмундтық «Боруссияға» өтетіні туралы жаңалық шықты. Усман немістік клубпен 5 жылдық келісім шартқа отырды.

2017 жылы жазда "Барселонаға" ауысты.

2022 жылы 1 шілдеден бастап еркін агент атанды.

2022 жылы 14 шілдеде Дембеле қайтадан "Барселонамен" жаңа келісім шартқа отырды. Келісім шарт бойынша Дембеле 2024 жылдың 30 шілдесіне дейін Барселона ойыншысы саналады.

Құрамадағы мансабы

өңдеу

2016 жылы Францияның жасөспірімдік және негізгі құрамаларында алғашқы ойындарын өткізді.

17, 18 және 19 жасқа дейінгі Францияның ұлттық құрамасының сатында ойнады.

Дембеле 2018 жылы Ресейді өткен әлем чемпионатында 4 ойында өнер көрсетті. [1] Сол жылы ол Франция құрамасымен бірге әлем чемпионы атанды.

Дембеле 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының барлық ойынында негізгі құрамның қатарында болды (6/7). Франция ұлттық құрамасы топтық кезеңде үздік болып, келесі кезеңге (плей-офф) жолдама алды. Олар чемпионаттың финалына дейін жетіп, Аргентинамен бақ сынасатын болды. Дембеле ойынның 20-минуттарына қарай Анхель Ди Марияға қарсы ойын тәртібін бұзып, қарсыласқа айып добын сыйлады. Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Дембелені ойын ортасында басқа ойыншымен алмастырып тастады. Осылайша олар Аргентинадан жеңіліп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Жеке өмірі

өңдеу

Дембеле Ислам дінін ұстанады.[2] Ол 2021 жылы Марокколық қызға үйленген. Ол екеуінің 2022 жылы қыркүйек айында туылған қызы бар. Дембеле ағылшындық клуб Лидс Юнайтедтің жанкүйері.

Ойындарының статистикасы

өңдеу

3 ақпан, 2023

Клубтық мансабы
КлубМаусымыЛигаЕл кубогыЛига кубогіЕурокубоктарӨзгелеріЖалпы
ОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГол
Ренн2015/16261220102912
Жалпы2612201000002912
Боруссия Дортмунд2016/173266210210104910
2017/18000000101010
Жалпы3266200102205010
Барселона2017/1817330003100234
2018/19298420083114214
2019/20511000400091
2020/21306620063204411
2021/2221111009010322
2022/2318522006120288
Жалпы12024167003686117840
Барлығы15337227104096125762

Жетістіктері

өңдеу

Боруссия Дортмунд

  • Германия кубогы: 2016/17

Барселона

Франция

Сілтемелер

өңдеу
  1. https://www.thesoccerworldcups.com/players/ousmane_dembele.php
  2. https://www.elespanol.com/deportes/futbol/20220403/afecta-ramadan-futbol-futbolistas-musulmanes-jugar-ayuno/661933915_0.html