Түтінді газдар

(Түтін бетінен бағытталды)

Түтінді газдаротын жағу кезінде ластағыш заттар шығаратын газдар; атмосфераның ластануының негізгі көзі.

Түтінді газдар құрамына көмір қышқыл газы, күкірт газы, азот тотықтары, иіс газы, қаракүйе, шаңдық бөлшектер, радиоактивті элементтер жатады.

Қазақстанда түтінді газдармен ластанған аймақтарға ірі өнеркәсіпті қалалар (Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Өскемен, Риддер, Алтай, Павлодар, Екібастұз) мен мұнайлы аудандар (Атырау мен Маңғыстау облыстары) жатады.[1]

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Smoke

Дереккөздер

өңдеу
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том