Түйе жарыс
Түйе жарыс — халықтың ертеден келе жатқан спорт ойындарының бір түрі. Жарысқа қосылатын түйелері іріктеліп алынып, күн ілгері жаратылып, бапталады. Түйе жарысы да ат жарысына ұқсас ерекше бір спорт түрі. Түйе жарыс ат жарысына қарағанда неғұрлым қысқа қашықтықта өткізіледі. Дегенмен бабына келіп, әбден жараған түйелер кейбір, анау-мынау аттарға жеткізбейтін болған. Ондай түйелерді ертеде «желмая» деп те атаған. Түйе жарысқа негізінен жігіттер қатынасады. Жарысатын жердің қашықтығын жарысты ұйымдастырушылар, төрешілер белгілейді. Жарыс болатын жерге күн ілгері белгі қойылады, сол жерге дейін бір төреші ере барады. Жарыс төрешінің берген белгісі бойынша басталады. Озып келген түйешіге күн ілгері белгіленген сыйлық беріледі.[1][2]
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/e/e5/%D0%A2%D2%AF%D0%B9%D0%B5_%D0%B6%D0%B0%D1%80%D1%8B%D1%81.jpg)
Тағы қараңыз
өңдеуДереккөздер
өңдеу- ↑ Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3
- ↑ Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
🔥 Top keywords: Басты бетАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыАбай ҚұнанбайұлыҚазақша жыл санауЖұма намазБесін намазыИсламдағы жыныстық өмір әдебіҚазақстанЕтеккірСақтарҚазақ хандығының құрылуыӘл-Фатиха сүресіАлланың есімдеріШыңғыс ханМұхаммедАрнайы:Жуықтағы өзгерістерҚазақ хандарыАхмет БайтұрсынұлыАлаш партиясыМұхтар Омарханұлы ӘуезовСанжар Сейітжафарұлы АсфендиаровТүрік қағанатыБаланы қырқынан шығаруСалауатБауыржан МомышұлыЫбырай АлтынсаринАқ Орда (мемлекет)Жер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміТуыстық атауларыОйжұмбақ 2Абай жолы (роман)Орталық АзияКөкжөтелАқпараттық қауіпсіздікТехникалық қызмет көрсетуОм заңыЕкінші дүниежүзілік соғысӘл-Кәһф сүресі