Текодонтозавр

Текодонтозавр — кейінгі Триас кезеңінде өмір сүрген өте ежелгі динозавр. Ол кезде жердегі климат салыстырмалы түрде жылы және құрлықтың көп бөлігі құрғақ және шөлді болатын. Бұл динозаврлар мен сүтқоректілердің енді пайда болып келе жатқан кезі еді. Ерте замаңғы прозауроподпен бірге жыртқыш салтопус, пахизаурискус, палеозаурискус секілді динозаврлар өмір сүрді. Текодонтозаврдың ұзындығы — 2,5 метр. Басы — шағын, саусақтары — ұзын, өткір тырнақты, мойыны — қысқа, аяқтары мен құйрығы да ұзын болған. Ол екі аяқпен де, төрт аяқпен де жүре алған.

Текодонтозавр
Текодонтозавр

Қызықты дерек

өңдеу
  • Текодонтозаврдың сүйектері Англия мен Уэйлстен табылған.
  • Текодонтозавр өмір сүрген кезде бұл жерлер шөлейт болған деген болжам бар.
  • Текодонтозаврдың ауыз қуысы әр түрлі тістерге толы болды.

Мәліметтер

өңдеу
  • Қорегі : өсімдіктер
  • Салмағы : белгісіз
  • Тұқымдас : Текодонтозаврид
  • Отряд тармағы : Зауроподоорф [1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы