Татра таулары

Татра таулары, Биік Татра - Польша және Чехия жеріндегі тау массиві, Карпаттың ең биік бөлігі.

Татра таулары

Тау туралы

өңдеу

Ұзындығы 65 км, биіктігі 2655 м (Герлаховски-Штит тауы). Гранит, гранодиорит және әк тастан түзілген.

Флора

өңдеу

Шырша, самырсын, қарағай, субальпі, альпі шалғыны өседі.

Туризм

өңдеу

Закопане, Штрбске-Плесо, Смоковец секілді климаттық курорттар ұйымдастырылған.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 587 бет