Соғу — дайындаманы соққыштың ұрғылауы арқылы берілген мөлшерге дейін өңдеп, соғылма жасауға арналған металдарды қысыммен өңдеу әдісінің бір түрі.

Соғу заводта Borsig, 1954 жылы

Соғу[1] - жиіліктері жақын екі гармониялық тербелісті қабаттағанда пайда болатын тербеліс амплитудасының мерзімді езгеруі.[2]

Соғу түрлері

өңдеу
  • Айналдыра соғу (Ковка ротационная) — айналдырықты немесе құрсаманы (бандаж) айналдыру процесінде дайындаманы соғатын жөне айналдырықпен салыстырғанда ілгерлемелі қозғалыс жасайтын соққышы бар машинада соғылманы өңдеу.
  • Айналма соғу (Вальцовка) аймалмалы қалыптың әсерімен деформациялайтын ыстықтай металдарды қысудың бір әдісі.
  • Баспақта соғу (Ковка на прессе) — деформациялаушы жылдамдығы 0,5—2 м/с болатын жабдықта дайындаманы соғып өндеу.
  • Бөлігін шығарумен соғу(Ковка с высадкой) — дайындаманың шамалы бөлімінде оның биіктігін қысқарту есебінен көлденең қимасын үлкейтетін шөктіру операциясының бір түрі.
  • Машиналы соғу (Ковка машинное) — ұсталық жұмыста машиналы жабдықты қолдану.
  • Радиал соғу (Ковка радиальная) — дайындама бағытында қайтымды-ілгерілемелі козғалыс жасайтын сокқышы бар машинада соғылманы өндеу.
  • Тоқпақта соғу (Ковка на молоте) — деформациялаушы жылдамдығы 6—9 м/с болатын жабдықта дайындаманы соғып өндеу.
  • Төсенді қалыптарда соғу (Ковка в подкладных штампах) — арнайы төсенді аспапты қолданып, дайындаманы соғу.
  • Ыссы соғу (Ковка горячая) - дайындаманы (0,5-0,6) Т6 (Г6—балқыту температурасы) температурасына дейін қыздырып алғаннан кейін соғу.
  • Соғу машиналары (Машины ковочные) — күрделі пішінді тетіктерді еркін соғып жасау үшін қолданылатын машиналар.
  • Соғу операциясы (Операция ковочная) —
  1. бұл технологиялық процестің бір бөлігі; дайындаманы соғуға қажетті жабдық пен жұмыс қозғалысын қамтиды;
  2. ұсталық соғу цехтарында қолданатын операциялар.
  • Соғу температурасы (Температура ковочная) — металдарды қысыммен өңдегенде жоғарғы илемді қасиет жөне сапа беретін температуралық аралық.
  • Соғудың термиялық режiмi (Режим ковки термический) —металл аз деформациялау кедергісіне ұшырайтын және жеткілікті илемділікті иемденетін температура аралығы.
  • Соғудың технологиялық сұлбасы (Технологическая схема ковки) — соғудың технологиялық әрекеті көрсетілген сұлба.
  • Соғушы соққыш (Боек ковочный) — әр түрлі құрылымы бар соғуға қолданылатын әмбебапты құрал.[3]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
  2. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6