Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі

Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіметаллургия саласының ірі кәсіпорны. 1954 ж. маусымда Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты ретінде құрылды. Қостанай облысының Рудный қаласында орналасқан. Темір кентасы концентратын қожды шекемтас өндіреді, уатылған шикі кентас, доломит, әктас, қиыршықтас қазып алады. Бірлестік Қазақстанда ғана емес, темір кентасын өндіретін және байытатын жетекші кәсіпорындардың қатарына жатады. Оның құрамына кіретін Сарыбай, Соколов, Қашар, Қоржынкөл кеніштерінің кентасты пайдаланатын жалпы теңгермелік қоры 3,4 млрд т көлемінде. Индустрия алыбының құрамында бұлардан басқа Соколов жер асты кеніші, кентас дайындау, кен байыту басқармалары, жентектеу фабрикасы жұмыс істейді. Сондай-ақ оның құрамына кен-теміржол көлігі басқармасы, автокөлік басқармасы, Алексеевск доломит және Қызылжар әктас кеніштері, жөндеу-механика зауыты, бірқатар көмекші бөлімшелер де кіреді. Сарыбай кеніші қазіргі кезеңде 411 млн 400 мың т темір кентасын шығарады. 1999 ж. кен орнына 10 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынды. 2005 ж. бұл қаржы 100 млн долларға жетті. Осы жылы бірлестік 35 млн тонналық жобалық қуаттан жоғары деңгейге көтерілді.[1]

ENRC тобының құрамында[2][3].

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
  2. Подразделение железной руды. ENRC Мұрағатталған 25 маусымның 2014 жылы.  (орыс.)  (ағыл.)
  3. ССГПО, входящее в состав холдинга ENRC, планирует увеличение мощности по производству железорудного концентрата на 38%.(қолжетпейтін сілтеме)  (орыс.)