Роберто Бонинсенья

Роберто Бонинсенья (итал. Roberto Boninsegna; 13 қараша 1943 жыл, Мантуя) — италиялық футболшы, шабуылшы. Италия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 1970 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Италияның үш дүркін чемпионы. Кейін бапкерлікпен айналысып, Италияның бірнеше жастағы құрамаларын басқарды.

Роберто Бонинсенья Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

Бонимба

Туған күні

13 қараша 1943 (1943-11-13) (80 жас)

Туған жері

Мантуя, Италия

Азаматтығы

Италия Италия

Бойы

178

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Жастар клубы
1962—1963Италия Интернационале
Клуб карьерасы[* 1]
1963—1964Италия Прато22 (1)
1964—1965Италия Потенца32 (9)
1965—1966Италия Варезе28 (5)
1966—1969Италия Кальяри83 (23)
1967 АҚШ Чикаго Мустангс9 (11)
1969—1976Италия Интернационале197 (113)
1976—1979Италия Ювентус58 (22)
1979—1980Италия Верона14 (3)
1980—1981Италия Виадана23 (8)
Ұлттық құрамы[* 2]
1967—1974 Италия22 (9)
Бапкерлік карьерасы
1989—1994Италия Италия-19көмекші
1994—1998Италия Италия-20көмекші
1998—2001Италия Иташия-21көмекші
2002—2003Италия Мантова
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

1970 жылғы әлем біріншілігінің финалында Бразилияның қақпасына 37-минутта гол соғып, есепті теңестірді. Бірақ Италия 1:4 есебімен ұтылып қалды.

1974 жылғы әлем чемпионатына да қатысты, бірақ бір ғана ойында алаңға шығып, гол соға алмады. Сол жылдың соңында құрамадағы карьерасын аяқтады.

Жетістіктері

өңдеу

Командалық

өңдеу
  • Италия чемпионы: 1971, 1977, 1978
  • УЕФА кубогы: 1977
  • Италия кубогы: 1979

Жеке

өңдеу
  • Италия чемпионатының үздік мергені: 1971 (24 гол), 1972 (22 гол)
  • Италия кубогының үздік мергені: 1972 (8 гол)

Сілтемелер

өңдеу