Петр Алексеевич Верболович

Петр Алексеевич Верболович (23 сәуір 1910 жылы, Воскресенка селосы, қазіргі Украина, Запорожье облысында туған – 1986 жылы, Алматы қаласында қайтыс болған) – медицина ғылымдарының докторы (1959 жылы), профессор (1962 жылы), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1967 жылы).

II-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Днепропетровск медицина институтын бітірген (1933 жылы). Алматы мемлекеттік медицина институтында (1946 жылы, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеген. Верболовичтің ғылыми-зерттеу еңбектері негізінен адам биохимиясына арналған. Миоглобин және басқа хромопротеидтер биохимиясын зерттеген. Миоглобиннің жануарлар жүйке жүйесіне тигізетін әсерін анықтады. Ол Алматы мемлекеттік медицина институты жанында орталығы ғылыми-зерттеу лабораториясын (1963 жылы) ұйымдастырған. Негізгі ғылыми жұмыстары клиникалық биохимия мәселелеріне арналған. Верболович инфрақызыл спектроскопия әдісімен биохимия мембрана құрылысын зерттеген. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.[1]

Шығармалары

өңдеу

1. "Железо в животном организме", Алматы, Наука, 1967;2. “Миоглобин и его роль в физиологии и патологии животных и человека“, Мәскеу, Медгиз, 1961;3. "Лекции по отдельным разделам биологической химии", Алматы, 1985;

Сілтемелер

өңдеу

1. «Кафедра биологической химии»(қолжетпейтін сілтеме)

Дереккөздер

өңдеу
  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том