Паранойя

Паранойя[1] (көне грекше: παράνοια — есі ауысу, жындану), қияли ауру—ұдайы сандырақтаудан болатын созылмалы психоз. Бұл кезде адамның ақыл-ой қабілеті төмендемейді, бірақ науқас неше түрлі елестердің салдарынан қияли ойларға беріледі. Қорқыныш және үреймен сипатталатын бұл сырқат басқаларға жала жабу мен сенімсіздікпен тығыз байланыстырылады. Мысалы, көпшілік кездейсоқтық деп санағанды, паранойяға шалдыққан пиғыл деп көреді.

Паранойяның бірнеше түрлері бар. Мысалы, сандырақтаудың ағымына қарай: жедел паранойя (аяқ астынан адамда ұлылық қасиеттің пайда болуынан маңызды бола қалуы); мерзімді паранойя, созылмалы паранойя болады. Ал сандырақтаудың мазмұнына қарай: діни паранойя, ипохондриялық паранойя, сүйіспеншілік паранойясы, қызғаныш паранойясы, т.б. болып бөлінеді. Кейде паранойя терминін әр түрлі этиологилық жағдайлардың әсерінен болатын сандырақтау психозын көрсету үшін де қолданады. Мысалы, маскүнемдік паранойя (ұзақ уақыт алкоголь қабылдаудан ерлі-зайыпты адамдардың арасында бір-біріне деген сенімінің жойылып, әр түрлі қияли ойларға берілуі); инволюциялық паранойя (45 — 60 жастағы адамдарда болатын қартаю алдындағы депрессиялық күй); сондай-ақ, елестік (галлюцинация) паранойя (көзге әр нәрсенің елестеуінен сандырақтау). Паранойяға әйелдерден гөрі ер адамдар жиі шалдығады. Паранойяны өз алдына жеке ауру ретінде ғылыми түрде дәлелдеген неміс психиаторы Э. Крепелин (1856 — 1926) болды.

Дереккөздер өңдеу

  1. Қазақ энциклопедиясы 7 т,


🔥 Top keywords: Шоқан Шыңғысұлы УәлихановАбай ҚұнанбайұлыСырым ДатұлыЫбырай АлтынсаринБауыржан МомышұлыЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақстанБасты бетҰлы Отан соғысыСарматтарМәңгілік бала бейнеСемей полигоныАхмет БайтұрсынұлыҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚазақстанның экологиялық проблемаларыӘлкей Хақанұлы МарғұланЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚызыл кітапКүнделік.кзХалықаралық ұйымдарМұнайҚазақстан географиясыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерОтан қорғаушы күні (Қазақстан)Арнайы:ІздеуӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаҚытайТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровШәкәрім ҚұдайбердіұлыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыЭкологиялық жүйеСақтарҚазақстанның сыртқы саясатыТуризмСын есімКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваҒаламдық экологиялық проблемалар