Ориктодромеус

Ориктодромеус — осыдан шмамен 95 миллион жыл бұрын орта Бор дәуірінде өмір сүрген, ін қазатын шөпқоректі орниопод. Динозаврды 2007 жылы палеонтолог Дэйвид Дж. Варичино осылай атаған. Ересек ориктодромеустің ұзындығы - 2 метр, салмағы - 22-32 келі, бабаларының ұзындығы 1,3 метр болған. Ориктодромеустың бір үңгірден әр түрлі көлемдегі сүйектері табылған. Бұдан біз динозаврдың үйірімен өмір сүргенін аңғарамыз. 2004 жылы Иошихиро Катсура атты ғалым оңтүстік-батыс Мантанадан динозаврдың толық емес сүйек қалдықтары сақталған інді тапты.

Ориктодромеус

Қызықты дерек

өңдеу
  • Ориктодромеустың сүйек қалдықтары іннің ішінен табылған, яғни ол інде өмір сүрген.
  • Тез жүгіретін, шағын денелі ориктодромеусінде тіршілік еткен динозавр.
  • Көртышқан,ехидна, Вомбат секілді інқазғыштармен салыстырғанда ориктодромеустың алдыңғы аяқтары тым қарапайым болатын.

Мәліметтер

өңдеу
  • Қорегі : өсімдіктер
  • Салмағы : 22-32 келі
  • Тұқымдас : Гипсилофадонтид
  • Отряд тармағы : Церапод [1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы