Нил Федорович Филатов

Нил Федорович Филатов - орыс дәрігері, Ресейде педиатрия негізін салушылардың бірі.

Нил Федорович Филатов
Туған күні

4 сәуір 1847 (1847-04-04)

Туған жері

Пенза облысы

Қайтыс болған күні

26 қаңтар 1902 (1902-01-26) (54 жас)

Қайтыс болған жері

Мәскеу

Азаматтығы

Ресей империясы

Ғылыми аясы

Медицина

Қызмет жолы

өңдеу

1869 ж. Мәскеу университетінің медицина факультетін бітірген. Г.А.Захарьин мен Н.А.Тольскийдің шәкірті. Мәскеуде София балалар ауруханасында т.б. ауруханаларда қызмет істеді. 1891 жылдан Мәскеу университенің балалар ауруы 1-дербес кафедрасының профессоры және меңгерушісі. Нил педиатрияда клиникалық - физиологиялық бағытты дамытты.

Еңбектері

өңдеу

Ұшпа шешек жеке ауру екенін дәлелдеді, қызылша ауруының алғашқы белгісін, қызамық ауруының салдарынан жүрек зақымдануын сипаттады. Ресейде алғаш рет күл ауруына қарсы серотерапия қолданды. "Семиотика и диагностика детских болезней" деген кітабында баланы тексерудің ерекше әдісін ұсынды. Нилдің көптеген еңбегі балалар нервопатологиясына арналған. Дәрігерлердің Халықаралық 12-конгресі педиатрия секциясының жетекшісі. Балалар дәрігерлер қоғамын құрған.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том