Неман[1] (лит. Nemunas) – Беларусь, Литва және Ресей жерімен ағатын өзен.

  • Ұзындығы 937 км, алабының ауданы 98,2 мың км².
  • Минск қыратының оңтүстігінен басталып, Балтық теңізінің Курша шығанағына атырау жасап құяды. Орташа су ағымы Смалининкай қаласы маңында 540 м3/с. Желтоқсаннан наурызға дейін мұз құрсанып жатады.
  • Днепрмен Огинский және Висламен Августовский су жолдары арқылы жалғасқан.
  • Негізгі салалары: Березина, Мяркис, Нярис (оң), Щара, Шяшупе (сол).
  • Өзенде Каунас СЭС-і және бөгені салынған.
  • Неман алабында Чяпкяляй қорығы ұйымдастырылған.
  • Неман бойында Гродно (Беларусь), Друскининкай, Каунас (Литва), Советск (Ресей), тағы басқа қалалар орналасқан.
A.
Неман өзені.

Сілтемелер

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9