Мұқаш Шопанұлы Омаров

Мұқаш Шопанұлы Омаров (1925 ж. т., Ақмола облысы Қорғалжын ауданы) – Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкері, полковник. Ұлы Отан соғысының ардагері. Алматы заң институтын, Мәскеу жоғары партия мектебін бітірген. 1946 – 59 ж. Ішкі істер минисрлігінде, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде істеді. 1959 – 73 ж. Батыс Қазақстан өлкелік МҚК басқармасының бөлім бастығы, 1973 – 77 ж. Жезқазған облыстық МҚК басқарма бастығы, 1977 – 95 ж. Калуга, Алматы қалаларындағы МҚК мекемелері мен өндіріс салаларында жауапты қызметкер болған. Орыс тілінде бірнеше әңгімелері, очерктері, «В капкане судьбы» романы, «Расстрелянная степь» очерктер жинағы, 1995 ж. Қ.Сариевпен бірігіп жазған «Ойрандалған адай даласы» деректі кітабы жарық көрді. 2-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет «Жауынгерлік еңбегі үшін» және бірнеше мерекелік медальдармен, 2 рет Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997