Миелин қабықшасы

Миелин қабықшасы (миелиновая оболочка); (plasmolemmamyelini, лат. plasmolemma — қабықша, myelini— миелин) — миелинді жүйке талшықтарының ортаңғықабықшасы. Миелин қабықшасы жүйке талшықтарының біліктік цилиндрін (нейроцит өсіндісі) тікелей сыртынан қаптап жатады. Миелин қабықшасы липид (май)және протеиннен құралған. Миелин қабықшасын сыртынан нейроглия қабықшасы — неврилемма қаптайды. Неврилемма нейроглия жасушалары — леммоциттерден тұрады. Жүйке талшығындағы миелин қабықшасы созьша жіңішкеріп, леммоциттер шекараларындатүйінді үзілмелер (Ранвье үзілмесі) түзеді. Қатар жатқанекі түйінді үзілмелер аралығындағы миелинді жүйкеталшығының жуан бөлігін түйінаралық сегмент деп атайды. Түйінаралық сегмент (бөлік) неврилемма леммоцитгерінің шекараларында орналасып, жүйке талшықтарына қажет қоректік заттар мен оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Миелин қабықшасы жүйке талшықтарыбойымен өтетін жүйке толқындарының көршілес ұлпаларға өтпеуін қамтамасыз етіп, оқшауландыру қызметінатқарады.[1]

Дереккөздер өңдеу

  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9