Маршруттау

Маршруттау (Маршрутизация; ағылш. routing) — желідегі бағдарды таңдау; хабар жеткізу (мәліметтер жеткізу) үшін оңтайлы жол таңдау процесі, яғни есептеу желісінде маршрутты тандау серверінің жоспарлауышына ақпарат жіберетін баспа үлгісінің сыңары; 2) мәліметтер жеткізудің оңтайлы жолын таңдауға арналған құрылғы (компьютер). Бұл құрылғы желілер арасында мәлімет- терді бағдарлайды. Әдетте, бағдарлауыш бірдей хаттамалы, бірақ әр түрлі желілік жабдықты есептеу желілерін байланыстырады. Бірдей технологиялы желілерді де байланыстырады, бірақ ол әр түрлі технологиялы (мыс., Ethernet, Token Ring сияқты) желілерде жиі қолданылады. Көпірден айырмашылығы — бағдарлауышта өзінің меншікті желілік адресі болады. Компьютер басқа желіге мәліметтер дестесін жеткізу үшін бағдарлауышты аралық орын ретінде пайдалана алады. Егер мәліметтер оған арналып жіберілмесе, бағдарлауыш еш уақытта қабылданған дестені сұрыптамайды. Бағдарлауыштар желінің топологиясы мен қалып-күйі, арналардың жұмыс істеу қабілеті және түйіндерге жету мүмкіндіктері сияқты ақпараттармен өзара алмасу жасап отырады.

[1]

Дереккөздер өңдеу

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5


🔥 Top keywords: 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановДНҚАхмет БайтұрсынұлыЖүйке жасушаларыАс қорыту жүйесіҚазақстан индустрияландыру кезеңінде1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысПестицидтерҚоректік тізбекАсқорыту мүшелеріҚазақстанның сыртқы саясатыЖелтоқсан көтерілісіҚазақстан экономикасыҚазақ газетіЗәрдің түзілуі және шығарылуыҚазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыруТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыМитозҰлы Жібек жолыӘміре ҚашаубаевШоқан Шыңғысұлы УәлихановМәдени мұраЖасушаТоқырау жылдарындағы ҚазақстанШанхай Ынтымақтастық ҰйымыЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚазақстан Республикасының КонституциясыҚазақстан географиясыҚажымұқан МұңайтпасұлыПлацентаБасты бетЭмбриогенезФерменттерМұстафа ШоқайҚазақстанМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміМіржақып ДулатұлыҰйқы безі