Мәлик ибн Әнәс

(Малик ибн Әнәс бетінен бағытталды)

Абу Абдулла Мәлик ибн Анас ибн Мәлик ибн Әби Ғамир ибн Ғамр Ибнул-Харис ибн Ғайман ибн Хусаиль ибн Ғамр ибнуль-Хаарис қысқаша аты Имам Абу Абдулла Мәлик бин Анас (Арабша الإمام أبو عبد الله مالك بن أنس الأصبحي الحميري) (c. 711 – 795) (93 Хижра – 179) немесе Имам Мәлик, "ШейхулИслам". [1] Мәлик бин Анас Исламның фиқһ ғұламасы. Имам Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафи'и Имам Мәлик жайлы "егер де мен ғұламаларды есіме алсам, Мәлик олардың жұлдызы еді.".[2]


Биография

өңдеу

Мәлик ибн Әнәс ибн Малик ибн Әбу ‘Амр әл-Әсбәхи әл-Химйәри. Х.ж. 93 жылы дүние келіп, х.ж. 179 жылы дүниеден озды. Ол табиғиндердің алғашқы өкілдерінен болып табылады. Ол дінде имам және аһлю-Сунна уәл-джәмә‘аның ұлы ғалымы болды. Ол Мәдинада өмір сүрді, сондықтан оны «имам Дәрул-хиджра» (пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мен сахабалар көшкен жердің имамы) деп атайтын.

Хафиз Ибн Хәджәр имам Мәликке мынадай мінездеме береді: “Ол – Дәрул-хиджраның имамы, білімі ең толық ғалымдардың ішіндегі бастысы және сенімді жеткізушілердің ұлысы”.

Имам Мәликтің діндегі білімі мен басқа ғалымдар ол туралы қандай пікірде болғанын білу үшін имам әл-Бухариден «кімнің иснады ең анық, әрі сенімді деп есептеуге болады» деп сұраған кезде, ол: “Ең жақсы иснад - бұл Мәлик хадисті Нәфи’тен, ал ол – Ибн ‘Умардан, ал ол – пайғамбардан (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) жеткізгені”, – деп жауап бергенін еске алсақ болады. Ал оның дінге берілгендігі мен Сүннетті қайта тірілткені туралы сөздер аз айтылмаған. Мысалы, имам Мәлик хадис жеткізу үшін сабаққа шыққанда, ең алдымен дәрет алып, ең жақсы аппақ киімін киіп, басына бас киім киіп шығатын болған. Неге бұлай істейді деп сұрақ қойылғанда, ол былай жауап берді: “Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөзіне құрмет көрсетемін”.

Имам Мәликтің бұрынғы шәкірті болған имам әш-Шәфи’и былай дейді: “Табиғиндердің кезінде Мәлик Аллаһтың адамдарға қарсы дәлелі еді”.

Имам ән-Нәсаи айтады: “Менің ойымша, табиғиндерден кейін өмір сүргендердің ішінде Мәликтен асқан ізгі, құрметті, сенімді, әрі хадисте сенімге лайық ешкім жоқ”.

Ал имам Мәлик өзі туралы былай дейтін: “Жетпістен астап ғалым маған фәтуә беруге куәлік етпегенше, фәтуә берген жоқпын”.

Ғалымдардың сөздері имам әл-Миззидің «Тахзиб әл-кәмәл» мен Хафиз Ибн Хәджәрдың «Тахзиб әт-тахзиб» 10/451 кітаптарынан алынды.

Оқытушылары

өңдеу

Мәлик бин Әнәстің Медине қаласында тұруы оған Ислам оқымыстыларының еңбектеріне қол жетімді болды.

Хабарлауыш тізбегі

өңдеу

Имам әл-Бұһари Имам Мәліктің хадистерін жеткізген тізбекті Силсилат ул-Жаһаб деп атайды.[3] Бұл тізбектің құрамына Имам Мәлік, Имам Мәлік Нафиғтан, ол ибн Омардан, ал ибн Омар Қасиетті Мұхаммед (с.ғ.с.-Аллаһның оған сәлемі мен игілігі болсын) пайғамбардан естіді.

Өлімі

өңдеу

Имам Мәлик Хижраның 86 жылы Медине қаласында дүниеден өтті

Еңбектері

өңдеу

Сілттемелер

өңдеу
  1. Malik ibn Anas ibn Malik ibn `Amr, al-Imam, Abu `Abd Allah al-Humyari al-Asbahi al-Madani. Sunnah.org. Тексерілді, 10 сәуір 2010.
  2. The Life and Times of Malik ibn Anas. Islaam.Com. Тексерілді, 10 сәуір 2010.
  3. "Imaam Maalik ibn Anas" by Hassan Ahmad, ''‘Al Jumuah’ Magazine'' Volume 11 – Issue 9. Sunnahonline.com. Тексерілді, 10 сәуір 2010.

Сыртқы сілттемелер

өңдеу