Лука Йович

Лука Йович (серб. Лука Јовић; 23 желтоқсан 1997 жыл, Биелина[2], Босния және Герцеговина) — сербиялық футболшы, Сербия Ұлттық футбол құрамасы мен "Реал Мадрид" клубының шабуылшысы.

Лука Йович Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

23 желтоқсан 1997 (1997-12-23) (26 жас)

Туған жері

Биелина, Босния және Герцеговина

Азаматтығы

 Сербия

Бойы

182[1]

Салмағы

85[1]

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Реал Мадрид

Номері

18

Жастар клубы
2006—2014Сербия Црвена Звезда
Клуб карьерасы[* 1]
2014—2016Сербия Црвена Звезда42 (12)
2016—2019Португалия Бенфика2 (0)
2016—2017Португалия Benfica B18 (4)
2017—2019 Германия Айнтрахт Франкфурт54 (25)
2019—Испания Реал Мадрид21 (2)
2021 Германия Айнтрахт Франкфурт3 (3)
Ұлттық құрамы[* 2]
2018— Сербия11 (5)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Карьерасы өңдеу

Клубтық өңдеу

Сегіз жасында "Црвена Звезда" клубының академиясына қабылданды. 16 жасында негізгі клубтың құрамына қосылды. 2014 жылы 28 мамырда "Войводинаға" қарсы кездесуде тұңғыш рет кәсіби футболшы ретінде алаңға шықты. Үш минуттан соң тұңғыш голын да соғып үлгерді.

2016 жылы 30 қаңтарда "Бенфика" сапына ауысты. Бірақ негізгі құрамға іліге алмай, 2017 жылы жазда "Айнтрахт Франкфурт" клубына жалға берілді. 2018/19 жылғы маусымда Германия чемпионатында 17 гол соқты, ал Еуропа Лигасында 10 голдың авторы атанды.

2019 жылы 4 маусымда "Реал Мадрид" клубына ауысты. Бұл командада алаңға жиі шыға алмады.

2021 жылы қаңтарда бұрынғы клубы "Айнтрахтыға" жалға берілді.

Ұлттық құрама өңдеу

2018 жылы 4 маусымда тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты. 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысып, Бразилиямен ойында екі минут қана алаңда ойнады.

Жетістіктері өңдеу

Црвена Звезда
  • Сербия чемпионы: 2013/14
Бенфика
  • Португалия чемпионы: 2015/16
Айнтрахт Франкфурт
  • Германия кубогы: 2017/18

Дереккөздер өңдеу

  1. a b Jović | Real Madrid CF
  2. Luka Jovic.  (нем.). eintracht.de. Тексерілді, 19 сәуір 2019.

Сілтемелер өңдеу