Леонид Ильич Брежнев

Леонид Ильич Брежнев (19 желтоқсан,1906,Каменское, Днепропетров облысы — 10 қараша,1982,Мәскеу) — 1964 ж. бастап КОКП ОК Бірінші хатшысы (1966 ж. бастап Бас хатшы) және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы (196064 жж. және 197782 жж. Төрт рет Кеңес Одағы ері, Социалистік еңбек ері.

Леонид Ильич Брежнев
Леонид Ильич Брежнев
Лауазымы
Ту
Ту
Коммунисттік Партияның Орталық комитетінің бас хатшысы
8 сәуір 1966 жыл — 10 қараша 1982 жыл
ІзашарыНикита Сергеевич Хрущёв
ІзбасарыЮрий Владимирович Андропов
Өмірбаяны
БіліміДнепродзержинск металлургия институты
Дініатеист
Дүниеге келуі6 (19) желтоқсан 1906 (1906-12-19)
Днепродзержинск, Украина
Қайтыс болуы10 қараша 1982 (1982-11-10) (75 жас)
Мәскеу облысы
ЖерлендіКремль қабырғасы, Мәскеу
ӘкесіИлья Яковлевич Брежнев
АнасыНаталья Денисовна Брежнева (Мазалова)
ЖұбайыВиктория Петровна Брежнева (Денисова)
Балаларыұлы: Юрий, қызы: Галина
Әскери қызметі
АтағыКСРО Маршалы
ҚолтаңбасыҚолтаңбасы
Марапаттары220-дай кеңестік және шетелдік ордендермен, медальдермен марапатталды:
Леонид Ильич Брежнев Ортаққорда

Өмірбаяны өңдеу

Жұмысшы отбасында дүниеге келген. Курск жерге орналастыру-мелиорация техникумын (1927), Днепродзержинск металлургия институтын (1935) бітірген. 1931 жылдан СОКП мүшесі. 1947 ж. Днепропетровск облыстық партия комитетінің 1-хатшысы, 1950 жылы Молдавия КП ОК-нің 1-хатшысы болған. 1954 жылы ақпанда Қазақстан КП ОК-нің 2-, 1955 жылы тамызда 1-хатшысы болып сайланды. Қазақстанда отарлық тәртіптің нығаюына, қазақ халқының мәдениеті мен тілінің шеттетілуіне себепкер болған тың және тыңайған жерлерді игеру ісіне басшылық жасады. 1960—64 жылы КСРО Жоғ. Кеңесі Төралқасының төрағасы, СОКП ОК-нің 1-хатшысы (1964), Бас хатшысы (1966) болып сайланған. Брежнев басшылық еткен жылдары “Кеңес империясында кемелденген социалистік құрылыс жеңді” деген негізсіз ресми тұжырым жасалды. Осыған қарамастан КСРО экономикалық және саяси қайшылықтар мен тоқыраудан шыға алмады. Брежнев ішкі саясатта әкімшілдік-әміршілдік жүйені орнықтырды. Кадрларды іріктеуде және тағайындауда сыбайластыққа, парақорлыққа жол берілді. Ел ішінде армияның, қауіпсіздік органдары мен СОКП-ның бақылаулары үстем болды. 1968 жылы Кеңес Армиясы Чехословакияға, 1979 жылы Ауғанстанға басып кірді. Халықартардың қарым-қатынас мейлінше шиеленісіп кетті. Варшава шартындағы мемлекеттерге зымыран қару-жарақтарын орналастыру, әскери әлуетті күшейту жолындағы бәсекелестік елдің саяси-экономикалық дағдарысқа ұшырауына себеп болды. Брежневті мақтау, орынсыз мадақтау әрекеттеріне кеңінен жол ашылып, ол 220-дай кеңестік және шетелдік ордендермен, медальдармен марапатталды[1].

Дереккөздер өңдеу

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том
Ізашары:
Николай Коваль
Молдавия КП бірінші хатшысы
1950—1952
Ізбасары:
Дмитрий Гладки
Ізашары:
Пантелеймон Пономаренко
Қазақстан КП бірінші хатшысы
1955—1956
Ізбасары:
Иван Яковлев
Ізашары:
Никита Хрущёв
КОКП ОК бас хатшысы
1964—1982
Ізбасары:
Юрий Андропов
🔥 Top keywords: Шоқан Шыңғысұлы УәлихановАбай ҚұнанбайұлыСырым ДатұлыЫбырай АлтынсаринБауыржан МомышұлыЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақстанБасты бетҰлы Отан соғысыСарматтарМәңгілік бала бейнеСемей полигоныАхмет БайтұрсынұлыҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚазақстанның экологиялық проблемаларыӘлкей Хақанұлы МарғұланЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚызыл кітапКүнделік.кзХалықаралық ұйымдарМұнайҚазақстан географиясыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерОтан қорғаушы күні (Қазақстан)Арнайы:ІздеуӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаҚытайТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровШәкәрім ҚұдайбердіұлыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыЭкологиялық жүйеСақтарҚазақстанның сыртқы саясатыТуризмСын есімКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваҒаламдық экологиялық проблемалар