Көбікгаз немесе бу көпіршіктерінің шоғырлануынан түзілген ұяшық құрылымды дисперстік жүйе. Көбік – сұйықтықты қатты шайқағанда, сұйықтық қайнағанда немесе ерітінді арқылы газ жібергенде пайда болады. Көбік – тұрақсыз жүйелер. Тұрақты Көбік алу үшін жүйеге үшінші құраушы – көбік түзгіштер қосады. Ол бастапқы сұйықтыққа қарағанда құрамы өзгеше беттік қабаттар түзеді де, Көбіктің тұрақтылығын арттырады. Көбіктің пайда болуы мен оның өздігінен жойылуы арасындағы уақыт көбік ғұмыры деп аталады. Көбік ғұмыры температура артқан сайын азаяды, ал сұйықтықтың тұтқырлығы артқан сайын көбейеді. Тұрақтылығы жоғары Көбікті сабын, сабынға ұқсас заттар бере алады. Көбік тоқыма өндірісінде маталарды жуу үшін, тұрақты Көбік өрт сөндіру, флотациялық процестерде, кондитерлік өндірісте, шарап ашыту, т.б. салаларда қолданылады. Кейбір өндірістерде (сабын, қант, каучук өндірісі, т.б.) Көбіктің болуы зиянын тигізеді. Ондай жағдайда Көбікті болдырмайтын арнайы зат – көбік сөндіргіштер (күрделі эфирлер, май қышқылдары) қолданылады.[1][2]

Дереккөздер өңдеу

  1. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
  2. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы"Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1


🔥 Top keywords: 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановДНҚАхмет БайтұрсынұлыЖүйке жасушаларыАс қорыту жүйесіҚазақстан индустрияландыру кезеңінде1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысПестицидтерҚоректік тізбекАсқорыту мүшелеріҚазақстанның сыртқы саясатыЖелтоқсан көтерілісіҚазақстан экономикасыҚазақ газетіЗәрдің түзілуі және шығарылуыҚазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыруТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыМитозҰлы Жібек жолыӘміре ҚашаубаевШоқан Шыңғысұлы УәлихановМәдени мұраЖасушаТоқырау жылдарындағы ҚазақстанШанхай Ынтымақтастық ҰйымыЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚазақстан Республикасының КонституциясыҚазақстан географиясыҚажымұқан МұңайтпасұлыПлацентаБасты бетЭмбриогенезФерменттерМұстафа ШоқайҚазақстанМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміМіржақып ДулатұлыҰйқы безі