Кей Панабэйкер

Стефани Кей Панабэйкер (ағылш. Stephanie Kay Panabaker; 2 мамыр 1990 жыл, Орандж, Техас, АҚШ) — америкалық актриса, көбінесе Кей Панабэйкер атымен әйгілі. «Жоғарғы пилотаж» фильмінің жұлдызы Даниэль Николь Панабэйкердің қарындасы.

Кей Панабэйкер
Kay Panabaker
Сурет
Кей Панабэйкер, 2010 жыл
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Стефани Кей Панабэйкер

Туған күні

2 мамыр 1990 (1990-05-02) (34 жас)

Туған жері

Орандж, Техас, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актриса

Белсенді жылдары

2001 — қазіргі уақыт

IMDb

ID 0659048

Өмірбаяны

өңдеу

Стефани Панабэйкер 1990 жылы 2 мамыр күні Техас штатындағы Орандж қаласында, Донна мен Гарольд Панабэйкер отбасында туған. Мансабының басында Чикаго, Филадельфия, Атланта театрларында ойнаған. Орта білімін Crone Middle School мектебінде алған. Кейін, жетінші сынып басында Лос-Анджелес, Калифорнияға көшіп кеткен.

Киноға түсіп жүрген кезде пайда болатын бос уақытты білімге арнаған. Жоғарғы мектепті 13 жасында бітіріп, 15 жасында көмекші деңгейін алды. Глендейль Колледжінде оқып жүрген кезде үздік оқушылар қатарында болып, екі ғалымдық деңгейді алып шықты. Кей UCLA-ға түскен ең жас студент болып, оны кәмлет жасқа толмай аяқтады.

Панабэйкер отбасы көшіп отырған, сондықтан Кейдің өмірі Чикаго, Филадельфия және Атланта қалаларында өткен. Сол кезден бастап саяхатты ұнатады.

Дереккөздер

өңдеу

Сыртқы сілтемелер

өңдеу
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Kay Panabaker