Катер — 1) әскери тапсырмаларды орындауға немесе флотты ұрыс әрекетімен қамтамасыз ететін су ығыстырғышы 100 тоннаға дейінгі кішкене кемелердің жалпы атауы (ракеталык катер, су астынан мина ататын катер, десант катер, күзетші катер). Жүктелген міндетіне байланысты катердің жүзу жылдамдығы, қарулары және жабдықтары әр түрлі болады; 2) су ығыстырғыштығы 40 тоннаға дейінгі рейд (кеме ықтырмасы, қойнау, порт) акваториясы көлемінде хабарлауға арналған кішкене кеме, 10-нан 18-ге дейін еспесі бар және желкенмен жабдықталған жеңіл кайық (негізінен спортқа арналған).[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл