Есет Әукебаев

Есет Әукебаев(1921-2008) 23 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының Теректі ауылында туған.

1940 жылы қазан айында Қызыл Армия қатарына шақырылған. Забайкал майданының Халхын Гол (Моңғол Халық Республикасы) аумағындағы кеңес әскерлерінің құрамында моторлы атқыштар полкының рота саяси жетекшіл, осы полктің комсоргі болған. 1944 жылы мамырда шекара әскеріне ауысқан. 1956 жылдың шілдесіне дейін Забайкал, Шығыс шекара округтерінің шекара отрядтарында қызмет атқарған.

Жұмыс баспалдағы

өңдеу

Әскери атағы — полковник. Әскерден босаған соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде (1956—1969) әдеби қызметкер, әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі, республикалық «Жазушы» баспасында Бас редактор (желтоқсан 1969 — қараша 1984) болып істеген. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Алғашқы өлеңі 1937 жылы Зайсан аудандық «Социалды жол» газетінде жарияланған.[1]

Шығармалары

өңдеу

Алғашқы кітабы — «Сақшы сыры» (1954).

Бұдан кейінгі кітаптары:

  • «Таң шапағы» (1966)
  • «Досыма хат» (орыс тілінде, 1968)
  • «Асқар таулар» (1973);
  • «Бірлік бәйтерегі» (орыс тілінде, 1977),
  • «Кеңшілік» (1980),
  • «Өмір — бақыт» (1983),
  • «Күн мен көлеңке». Сонеттер (2000).

Жетістіктері

өңдеу

Медальдері мен ордендері:

Басқа да марапаттары:

  • екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
  • Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл