Дүйсебай Сайлаубайұлы Ізбасаров

Дүйсебай Сайлаубайұлы Ізбасаров (1951 жылы туған, Түлкібас ауданы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1994), профессор (1996), ҚР ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі.

Астрахан техникалық институтын бітірген (1973). 1973 – 1976 жылдары Қазақ КСР тағам өнеркәсібі министрлігінің инженер-механигі. 1977 – 1978 жылдары Орталық жоба-конструктор бюросының жетекші конструкторы, сектор меңгерушісі. 1978 – 1980 жылдары Алматы технологиялық инстиуты тамақ өндірісі машиналары мен жабдықтары кафедрасының оқытушысы. 1980 – 1984 жылдары Мәскеу тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында зерттеуші-стажер, аспирант. 1985 – 1991 жылдары Алматы технологиялық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, жалпы инженер істер кафедрасының доценті. 1991 – 1994 жылдары Мәскеу тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының докторанты. 1995 – 1996 жылдары Алматы технологиялық тамақ өндірісі машиналары мен жабдықтары кафедрасының меңгерушісі, проф. 1996 – 1997 жылдары Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының республикалық ғылым-инженер технология орталығының директоры. ҚР ҒМ-ҒА «Алмалы» ғылым өндірістік бірлестігі Ұлттық академиялық ауыл шаруашылығы зерттеу орталығы бас директоры. 1997 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры.

110 ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы.

Шығармалары

өңдеу
  • Производство фруктовых порошков из цельных яблок и сухофруктов, Алматы, 1988;
  • Инфрокрасное облучение и сушка растительного сырья, Алматы, 1994;
  • Основы теории, техники и технологии сушки пищевых продуктов, Алматы, 1997.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"