Диплодок
Диплодок – мойыны ұзын, құйрығы жіңішке шөпқоректі динозавр. Ол 154 – 150 миллион жыл бұрын ежелгі Юра дәуірінде өмір сүрген. Мұрыны маңдайында орналасқан, алдыңғы жақ сүйектерінде имек тістері болған. Алдыңғы аяқтары артқыларына қарағанда – қысқа. Жауларынан ұзын тырнақтарымен қорғанған. Бел омыртқаларының астында аяқтарын алға – артқа қозғауға мүмкіндік беретін шығыңқы сүйектері бар. Бұл сүйектер динозаврдың мойыны мен құйрығын еркін қимылдатып, жылдам қозғалуына көмектескен. Ол жапырақтарды шайнамай жұтатын болған.
Қызықты деректер өңдеу
- Ұзындығы – 28 м, салмағы – 2,5 т, қорегі – шөп болған.
- Диплодоктың 14 метрге жуық құйрығы жер бетіндегі жануарлардың бәрінің құйрықтарынан ұзын болды.
- Диплодок – ең ұзын динозавр.
- Артқы аяқтары өте мықты болған.
- Диплодоктың қалдықтары алғаш рет 1878 жылы АҚШ – тың Комо Блаф жотасынан табылған.
- Құрылысы басқа көптеген алып зауроподтарға қарағанда әлдеқайда қарапайым.
- Диплодоктың тістері ерекше болған.[1]
Дереккөздер өңдеу
- ↑ Динозаврлар энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
🔥 Top keywords: Басты бетҚазақ хандығыҚазақша жыл санауАбай ҚұнанбайұлыАрнайы:ІздеуЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚазақстанАрнайы:Жуықтағы өзгерістерБатыс Түрік қағанатыҚазақ хандарыБаланы қырқынан шығаруСақтарМұхаммед1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАлаш партиясыЕтеккірАлланың есімдеріӘл-Фатиха сүресіИсламдағы жыныстық өмір әдебіҚазақ хандығының құрылуыТуыстық атауларыБесін намазыТүрік қағанатыҚұрбан айтАбылай ханАхмет БайтұрсынұлыШоқан Шыңғысұлы УәлихановШыңғыс ханЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміМемлекет астаналары тізіміҚұрбандықЫбырай АлтынсаринБесеудің хатыҚазақ газетіАбай жолы (роман)Қазақстан Республикасының КонституциясыАлтын ОрдаЖасушаКөкжөтел