Дино Дзофф

Дино Дзофф (итал. Dino Zoff; 28 ақпан 1942 жыл[1], Мариано-дель-Фриули) — италиялық футболшы, қақпашы, футбол жаттықтырушысы. 1968 жылғы Еуропа, 1982 жылғы әлем чемпионы. 40 жасында әлем чемпионы атанып, ең қарт әлем чемпионы ретінде тарихта қалды. Сондай-ақ, 1972-74 жылдары Италия құрамасы сапында 1142 минут бойы бір гол да жібермеді. Ұлттық құрама сапында 112 ойын өткізді, бұл жағынан Андреа Пирло, Паоло Мальдини, Фабио Каннаваро және Джанлуиджи Буффоннан кейінгі бесінші орында.

Дино Дзофф Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

28 ақпан 1942 (1942-02-28) (82 жас)

Туған жері

Мариано-дель-Фриули, Италия

Азаматтығы

Италия

Бойы

182

Позиция

қақпашы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Жастар клубы
Италия Марианезе
Италия Удинезе
Клуб карьерасы[* 1]
1961—1963Италия Удинезе38 (–54)
1963—1967Италия Мантова131 (–111)
1967—1972Италия Наполи143 (–110)
1972—1983Италия Ювентус330 (–226)
1961—1983Барлығы642 (–501)
Ұлттық құрамы[* 2]
1968—1983 Италия112 (–84)
Бапкерлік карьерасы
1984—1986Италия Ювентусқақпашылар бапкері
1986—1988Италия Италия (олимп.)
1988—1990Италия Ювентус
1990—1994Италия Лацио
1996—1997Италия Лацио
2001Италия Лацио
1998—2000 Италия
2005Италия Фиорентина
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

«Удинезе», «Мантова», «Наполи» және «Ювентус» клубтарында ойнап, 1983 жылы карьерасын аяқтады. 1984 жылы бапкерлікке кірісті. 2000 жылы Италия құрамасының бапкері ретінде Еуропа чемпионатының финалисі атанды.


Жетістіктері өңдеу

Клубтық өңдеу

  • Италия чемпионы: 1973, 1975, 1977, 1978, 1981, 1982
  • Италия кубогы: 1979, 1983
  • УЕФА кубогы: 1977

Халықаралық өңдеу

  • Еуропа чемпионы: 1968
  • Әлем чемпионатының финалисі: 1970
  • Әлем чемпионы: 1982

Бапкерлік өңдеу

Ювентус
  • Италия кубогы: 1990
  • Кубка УЕФА кубогы: 1990
Италия
  • Еуропа чемпионатының финалисі: 2000

Дереккөздер өңдеу

Cілтемелер өңдеу