Джон Джозеф Колдуэл Аббот

Аббот Джон Джозеф Колдуэл (Abbott, Sir John (Joseph Caldwell)) (12 наурыз 1821, Сент-Эндрюс, Төменгі Канада – 30 қазан 1893, Монреаль, Квебек, Канада), Канаданың премьер-министрі (1891-92). Монреалдағы Мак- Гилла университетінде білім алған ол 1847 жылы адвокат, ал 1862 жылы королдік адвокат болып қызмет атқарды. 1855 жылдан 1880 жылға дейінгі аралықта Мак-Гилла университеті құқықтық мектебінің деканы болды. Заң шығарушы ассамблеядағы (1857-74, 1880-87) қызметінен соң сенатор болып сайланып, үкіметтің көшбасшысы болды. Дж.Макдональдтың өлімінен кейінгі ымыраға келу нәтижесінде премьер-министр болды. 1892 жылы денсаулығына байланысты қызметтен кетуге мәжбүр болды.[1]

Аббот Джон Джозеф Колдуэл


Дереккөздер

өңдеу
  1. Encyclopedia Britannica ISBN 978-5-17-038532-4