Джейсон Стэтхем

Джейсон Стэтхэм (ағылш. Jason Statham) — ағылшын актері, продюсер.

Джейсон Стэтхэм
Jason Statham
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

12 қыркүйек 1967 (1967-09-12) (56 жас)

Туған жері

Ширбрук , Дербишир, Ұлыбритания

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Мамандығы

актер

Белсенді жылдары

1998қазіргі уақытқа шейін

Өмірбаяны өңдеу

Джейсон бала кезінде футболмен де айналысқан (1978-83), алайда суға секірумен кәсіби айналысты. 12 жыл бойына Стэтхэм суға секіруден британдық ұлттық құраманың қатарында сайыстарға қатысып, 1992 жылы Әлем Чемпионатында 12-ші орынға ие болды.

Оның әкесі бокспен және гимнастикамен айналысқан және ұлын да өзі білген өнерге үйретуге тырысқан. Джейсон төбелес өнерін жетік меңгерген, джиу-джитсумен тұрақты айналысады.

Тоқсаныншы жылдардың соңында бір жарнама агенті Стэтхэмді жарнама кампаниясына қатысуға шақырады. Осыдан кейін актер джинс жарнамасына түсіп, сол брендтің басты тұлғасына айналды. Сол кезеңнен бастап оның модельдік карьерасына жол ашылады.

Мансабы өңдеу

Джейсон жарнамалап жүрген компанияның иесі күндердің күнінде Гай Ричидің тұңғыш картинасы - "Карта, ақша және түтіні шыққан екі мылтық" ("Lock, Stock and Two Smoking Barrels") фильмінің продюсері болады, және режиссерге Джейсонның кандидатурасын осы фильмге ұсынады. Ричи бірқатар сынаулардан кейін оны фильмге түсіруге қабылдайды.

2000 жылы Стэтхэм Риччидің "Қармау" ("Snatch") атты келесі криминалды комедиясында басты рөлдердің біріне ие болды.

2000-жылдардан бастап Стэтхэм үлкен кино әлеміне нық қадам басты. "Дауысын шығар" ("Turn It Up") деп аталатын америкалық фильмде есірткі саудасымен айналысатын ағылшынның рөлін сомдаса, содан кейін Джон Карпентердің "Марс елестері" ("Ghosts of Mars") фантастикалық триллеріне, Джет Лимен бірлесіп "Жалғыз" ("The One") фантастикасына бас рөлдерге шақырту алды.

Джейсонды танымал еткен фильм "Тасымалдаушы" ("Transporter") картинасы болды. Бұл фильм көрермендер арасында үлкен құрметке ие болды, ал үш жылдан кейін шыққан жалғасы бастапқысы жинаған касса жинағынан да көп пайда әкелді.

Жеке өмірі өңдеу

Шамамен жеті жыл бойы Джейсон ағылшын моделі және актриса Келли Брукпен кездесті (2004 жылға дейін). Кейін Джейсон әнші Софи Монкпен кездесті, бірақ ол көп ұзамай ажырасып кетті. 2010 жылдың сәуір айынан бастап Роузи Хантингтон-Уайтли моделімен кездеседі. 2017 жылдың 24 маусымында Джейсон мен Роузидің ұлы Джек Оскар Стейтем дүниеге келді. 19 тамыз 2021 ж. ерлі-зайыптылардың екінші баланың пайда болуын күтетіні белгілі болды.

Фильмография өңдеу

ЖылАтауыТүпнұсқа атыРөль
1998фКарты, деньги, два стволаLock, Stock and Two Smoking BarrelsБекон
2000фБольшой кушSnatchТүрік
2000фСделай погромчеTurn It Upмистер Би
2001фМарс елестеріGhosts of Marsсержант Джерико Батлер
2001фПротивостояниеThe Oneагент МВА Эванс Фунш
2001фКостоломMean MachineМонах
2002фТасымалдаушыThe TransporterФрэнк Мартин
2003фОграбление по-итальянскиThe Italian JobХодок Роб
2004фСоучастникCollateralНезнакомец
2004фСотовыйCellularИтан Грир
2005фТасымалдаушы 2Transporter 2Фрэнк Мартин
2005фЛондонLondonБейтмен
2005фРевольверRevolverДжейк Грин
2005фХаосChaosдетектив Квентин Коннерс
2006фҚызғылт ПантераThe Pink PantherИв Глюан
2006фАдреналинCrankЧев Челиос
2007фВо имя короля: История осады подземельяIn the Name of the King: A Dungeon Siege TaleКемден «Фермер» Конрейд
2007фСоғысWarКроуфорд
2008фОграбление на Бейкер-стритThe Bank JobТерри Лезер
2008фСмертельная гонкаDeath RaceДженсен «Франкенштейн» Амес
2008фТасымалдаушы 3Transporter 3Фрэнк Мартин
2009фАдреналин 2: Высокое напряжениеCrank: High VoltageЧев Челиос
2010фОн үш13Джаспер
2010фЖанқиярларThe ExpendablesЛи Кристмас
2011фМеханикThe MechanicАртур Бишоп
2011мфГномео және ДжульеттаGnomeo and JulietТибальт
2011фБез компромиссовBlitzТом Брант
2011фПрофессионалKiller EliteДэнни Брайс
2012фҚорғаушыSafeЛюк Райт
2012фЖанқиярлар 2The Expendables 2Ли Кристмас
2013фПаркерParkerПаркер
2013фЭффект колибриHummingbirdДжоуи Джонс
2013фФорсаж 6Furious 6Деккард Шоу
2013фПоследний рубежHomefrontФил Брокер
2014фЖанқиярлар 3The Expendables 3Ли Кристмас
2015фШальная картаWild CardНик Уайлд
2015фФорсаж 7Fast & Furious 7Деккард Шоу
2015фШпионSpyРик Форд
2016фМеханик: ВоскрешениеMechanic: ResurrectionАртур Бишоп
2017фФорсаж 8The Fate of the FuriousДеккард Шоу
2018фМег: Монстр глубиныThe MegДжонас Тейлор
2019фФорсаж: Хоббс және ШоуFast & Furious Presents: Hobbs & ShawДеккард Шоу
2021фГнев человеческий

(постпроизводство)

Wrath of ManЭйч

Сыртқы сілтемелер өңдеу