Дене массасының индексі

Дене массасының индексі, ДМИ (ағылш. body mass index (BMI)) — адамның салмағы мен бойының сәйкестік дәрежесін анықтауға көмектесетін шама. Бұл индекс дене массасының жеткіліксіз, қалыпты немесе артық екендігін бағалайды. Емделуге қажеттілікті анықтайтын маңызды көрсеткіш болып табылады.

Дене массасы индексі келесі формула бойынша анықталады:

,

мұндағы:

  • m — дене массасы, килограмм
  • h — дене бойы, метр

және кг/м² бойынша өлшенеді.

Мысалы, адам массасы = 85 кг, бойы = 164 см. Яғни, бұл жағдайда дене массасының индексі:

ДМИ = 85 : (1,64x1,64) = 31,6

Дене массасының көрсеткіші бельгиялық социолог, әрі статистик Адольф Кетеле тарапынан 1869 жылы дамытылған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген кеңестеріне сәйкес ДМИ көрсеткіштерінің келесідей интерпритациясы келтіріледі [1]:

Дене массасы индексіАдамның массасы мен бойының сәйкестігі
16 және одан кемМассаның айқын дефициті
16 — 18,5Дене массасының жеткіліксіздігі
18,5 — 25Қалыпты
25 — 30Дене массасының артықтығы
30 — 35Бірінші дәрежелі семіздік
35 — 40Екінші дәрежелі семіздік
40 және одан көбірекҮшінші дәрежелі семіздік

Дереккөздер

өңдеу
  1. WHO :: Global Database on Body Mass Index