Грипозавр
Грипозавр — шамамен 76-72 миллион жыл бұрын кеәінгі Бор кезеңінде өмір сүрген үйректұмсықты динозавр. Ол өсімдіктерді азық еткен динозаврлар қатарына жатады. Ұзындығы шамамен 9 метр болған. Сопақша келген басы, биік аркаға ұқсайтын танауы оның бет-әлпетіндегі ерекше сипаттар саналады. Сол сияқты тұмсығында үлкен өсіндісі болған. Динозаврдың мойыны, кеудесі, қабырға тұсы қалыңдығы 0,6 см қабыршақтармен қапталған. Бұдан бөлек құйрығында бір-бірінен 5-7 см қашықтықта, ені 1,2 см болатын конус пішіндес пластиналар орналасқан.
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b3/Utah_Gryposaurus.jpg/220px-Utah_Gryposaurus.jpg)
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/70/Gryposaurus-notabilis_jconway.png/220px-Gryposaurus-notabilis_jconway.png)
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/56/Gryposaurus_incurvimanus.jpg/220px-Gryposaurus_incurvimanus.jpg)
Қызықты дерек
өңдеу- Олар Канададағы Алберта деген жерден табылған.
- Оның жапырақтарды шайнауға арналған 300-ге тарта тісі болған.
- Грипозаврға 1914 жылы Л. Ламбе атты ғалым атау берген.
Мәліметтер
өңдеу- Қорегі : өсімдіктер
- Салмағы : 2 тонна
- Тұқымдас : Гадрозавр
- Отряд тармағы : Орнитопод [1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы
🔥 Top keywords: Басты бетҚұрбан айтҚұрбандықАбай ҚұнанбайұлыҚазақша жыл санауАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыМұхтар Омарханұлы ӘуезовШыңғыс ханӘкелер күніҚазақстанӨзін-өзі өлтіруТүрік қағанатыАйтИсламдағы жыныстық өмір әдебіЕтеккірБесін намазыАбай жолы (роман)Ахмет БайтұрсынұлыАлланың есімдеріМұхаммедАлаш партиясыӘл-Фатиха сүресіКөкжөтелЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШылауҚазақ хандығының құрылуыСақтарҚазақ хандарыҚазақстан Республикасының КонституциясыКөмірсуларЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісБауыржан МомышұлыҚой малының атауларыЖасушаОйжұмбақ 2ЕтістікҒұндар