Герейлер (әулет)

Герейлер (қырымтат. Geraylar[3], كرايلر; жек. т. — Geray, كراى) — XV ғасырдың басынан бастап 1783 жылы Ресей империясына қосылғанға дейін Қырым мемлекетін басқарған хандар әулеті.

Герейлер
қырымтат. Geraylar
Герейлер (әулет)
Герейлердің таңбасы
ЕліҚырым хандығы
Негізін салушы үйіШыңғыс хан әулеті
Титулдары
Негізін салушысыI Қажы Герей
Соңғы билеушісіШаһин Герей
Негізі салынған жыл1441 жылы
Ыдырауы

Әулеттің негізін қалаушы - ұзақ күрес нәтижесінде Қырымның Алтын Ордадан тәуелсіздігіне қол жеткізген Қырымның алғашқы ханы I Қажы Герей болды. Герейлер - Шыңғыс хан әулеті (Шыңғыс ханның ұрпақтары), Тоқатемірлердің бір тармағы. Олар Тоқтамыстың әкесі Түй Қожа оғланның інісі Жанақ оғланнан тарайды. Жанақ оғланның үлкен ұлы, Қазан хандар әулетінің негізін қалаушы Ұлық Мұхаммедтің әкесі Ішкіле Хасан оғлан.

Кейбір әулет өкілдері Қазан, Астрахан және Қасым хандықтарының тағын да иемденді.

I Дәулет Герей Иван Грозныйға қарсы соғыстарымен танымал. Қырым тағындағы соңғы Герей Шаһин Герей болды, ол тақтан бас тартып, Ресейге көшті, содан кейін Түркияға аттанды, онда жазаға тартылды. Герейлердің Шобан жанама тармағы болды, оның бірі - Әділ Герей - Қырым тағын иеленді.

Бүгінгі таңда өзін тақ мұрагері деп санайтын үміткерлердің бірі - Лондонда тұратын Жазар Памир Герей және Ресейде тұратын Ермек Дәулет Герей.

Қырым жұртының билеушілері

өңдеу

Қырым хандарының тізімі

өңдеу
Басқару жылдарыАты
1441-1466I Қажы Герей
1466НұрдəулетБірінші басқаруы
1466I Меңлі ГерейБірінші басқаруы
1466-1468НұрдəулетЕкiншi басқаруы
1468-1475I Меңлі ГерейЕкiншi басқаруы
1475Хайдар хан
1475-1478НұрдəулетҮшінші басқаруы
1477әулет биліктен уақытша аластатылды
1478-1515I Меңлі ГерейҮшінші басқаруы
1515-1523I Мехмет Герей
1523I Ғазы Герей
1523-1532I Саадет Герей
1524I Ислам Герей (І Саадет Гереймен қатар)
1532-1550I Сахиб Герей
1550-1577I Дәулет Герей
1577-1584II Мехмет Герей
1584II Ислам ГерейБірінші басқаруы
1584II Саадет Герей
1584-1588II Ислам ГерейЕкiнші басқаруы
1588-1596II Ғазы ГерейБірінші басқаруы
1596I Фатих Герей
1596-1607II Ғазы ГерейЕкiншi басқаруы
1607-1608Тоқтамыс Герей
1608-1610I Селәмет Герей
1610-1623Жәнібек ГерейБірінші басқаруы
1623-1628III Мехмет Герей
1628-1635Жәнібек ГерейЕкінші басқаруы
1635-1637Инает Герей
1637-1641I Баһадүр Герей
1641-1644IV Мехмет ГерейБірінші басқаруы
1644-1654III Ислам Герей
1654-1666IV Мехмет ГерейЕкiншi басқаруы
1666-1671Әділ Герей
1671-1678I Сәлім Герей (Қажы Сәлім Герей)Бірінші басқаруы
1678-1683Мұрат Герей
1683-1684II Қажы Герей
1684-1691I Сәлім ГерейЕкiншi басқаруы
1691III Саадет Герей
1691-1692Сафа Герей хан
1692-1699I Сәлім ГерейҮшінші басқаруы
1699-1702II Дәулет ГерейБірінші басқаруы
1702-1704I Сәлім ГерейТөртінші басқаруы
1704-1707III Ғазы Герей
1707-1708I Қабылан ГерейБірінші басқаруы
1709-1713II Дәулет ГерейЕкiншi басқаруы
1713-1715I Қабылан ГерейЕкiнші басқаруы
1716-1717III Дәулет Герей (Қара Дәулет Герей)
1717-1724IV Саадет Герей
1724-1730II Меңлі ГерейБірінші басқаруы
1730-1736I Қабылан ГерейҮшінші басқаруы
1736-1737II Фатих Герей
1737-1740II Меңлі ГерейЕкiншi басқаруы
1740-1743II Селәмет Герей
1743-1748II Сәлім Герей
1748-1756Арслан ГерейБірінші өзгерісі
1756-1758Хәлім Герей
1758-1764Қырым ГерейБірінші басқаруы
1765-1767III Сәлім ГерейБірінші басқаруы
1767Арслан ГерейЕкiншi өзгерісі
1767-1768Мақсұт Герей
1768-1769Қырым ГерейЕкiнші басқаруы
1769-1770IV Дәулет ГерейБірінші басқаруы
1770II Қабылан Герей
1770-1771III Сәлім ГерейЕкiнші басқаруы
1771-1775II Сахиб Герей
1775-1777IV Дәулет ГерейЕкiншi басқаруы
1777-1782Шаһин ГерейБірінші басқаруы
1782II Баһадүр Герей
1782-1783Шаһин ГерейЕкiншi басқаруы

1624 жылы Жәнібек Герей мен 1771-1772 жылдары Мақсұт Герейдің билік еткен кезеңдері есепке алынбайды. Бұл хандарды Осман сұлтандары ресми түрде мақұлдағанымен, олар таққа отыра алмай, шын мәнінде Қырымды басқарған жоқ. Осы жылдары Қырым хандығын іс жүзінде, сәйкесінше, III Мехмет Герей және II Сахиб Герей басқарды.

Кейбір еңбектерде аталған Шаһбаз Герей (1787-1789) мен Бақыт Герей (1789-1792) хандар тізімге кірмейді, өйткені олар 1783 жылы Ресей империясына қосылған Қырымды шынымен басқармаған. Осы екі билеушінің қол астында Қырым мемлекетінің бөлігі деп саналған Бұжақ қана болды.

Герей руынан шыққан Қасым хандары

өңдеу

Герей руынан шыққан Қазан хандары

өңдеу

Герей руынан шыққан Астрахан хандары

өңдеу

Герей руынан шыққан Сібір хандары мен ханзадалары

өңдеу
  • Абылай Герей, Сібір ханы (1628 бастап 1631 дейін).
  • Дәулет Герей, Сібір ханзадасы, 1662-1665 жылдары жергілікті тұрғындардың орыстарға қарсы көтерілісін басқарды.

Құрлықтық Қырым (Бұжақ) хандары

өңдеу

Герей руынан шыққан Қырым қалғайлары

өңдеу

Герей руынан шыққан Қырым нұреддиндер

өңдеу

Герей руынан шыққан Орқапы орбейі

өңдеу

Герей руынан шыққан Қобан серәскерлері

өңдеу

Герей руынан шыққан Бұжақ серәскерлері

өңдеу

Герей руынан шыққан Едисан серәскерлері

өңдеу

Герей руынан шыққан Жедішкөл серәскерлері

өңдеу

Герей руынан шыққан Жембойлық серәскерлері

өңдеу

Герей руынан шыққан Қобан башбұғылар

өңдеу

Герей руынан шыққан тарихшылар

өңдеу

XX-XXI ғасырлардағы Герей әулеті

өңдеу
  • Сұлтан Қадыр Герей (1891—1953), патша әскерінің полковнигі. Азамат соғысы кезінде жараланып, Түркияға көшіп, сол жерден АҚШ-та «Шеркес-грузин қоғамын» құрды.
    • Шыңғыс Герей (1921 туғ.), алдыңғының үлкен ұлы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде американдық барлау қызметінде болды. Жазушы және ақын, «Биліктің көлеңкесі» («The Shadow of Power») кітабының авторы.
    • Жұматай Герей (1916-1976) Түркістандағы басмашы жасағының жетекшісі. Ол коммунизмге қарсы күресті.
    • Азамат Герей (1924—2001), алдыңғының інісі.
      • Қадыр Дәулет Герей (1961 туғ.), алдыңғының бірінші некесінен туған үлкен ұлы.
      • Абазбек Герей (1965 туғ.) Жұматай Герейдің ұлы
        • Шыңғыс Кәрім Сұлтан Герей (1992 туғ.), алдыңғының ұлы.
      • Әділ Сағат Герей (1964 туғ.), алдыңғының інісі.
        • Темужин Сердж Герей (2002 туғ.), алдыңғының ұлы.
      • Каспиан Герей (1972 туғ.), Азамат Герейдің екінші некесінен туған жалғыз ұлы
      • Ермек Дәулет Герей (1998 туғ.), Абазбек Герейдің ұлы (Ресейде тұрады[4])

Сілтеме

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. Документы Крымского ханства из собрания Хусейна Фейзханова / сост. и транслит. Р. Р. Абдужемилев; науч. ред. И. Миргалеев. – Симферополь: ООО «Константа». – 2017. – 816 с. ISBN 978-5-906952-38-7
  2. Сагит Фаизов. Письма ханов Ислам-Гирея III и Мухаммед-Гирея IV к царю Алексею Михайловичу и королю Яну Казимиру, 1654-1658: крымскотатар. дипломатика в полит. контексте постпереяслав. времени - Москва : Гуманитарий, 2003. - 166 с. ISBN 5-89221-075-8
  3. Qırım tarihı. E. Çubarovnıñ muarrirliginen. Aqmescit. Tezis. 2009 /История Крыма. Под ред. Э. Чубарова. Симферополь. Тезис. 2009/ ISBN 978-966-470-016-7
  4. Шыңғыс ханның Қырым ұрпақтары: олар қандай құпияларды сақтайды — Рамблер/субботний