Гани Бекинович Сафиулин

Сайфуллин Гани Бекинович (1.7.1905, Ресей, Татарстан, Сарманов ауданы, Старый Кашир селосы - 14.10.1973, Қазан қаласы) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, генерал-майор, 25-атқыштар корпусының командирі. Татар.

Гани Бекинович Сайфуллин
суреті
Туған күні

1 шілде 1905 (1905-07-01)

Туған жері

Ресей, Татарстан, Сарманов ауданы, Старый Кашир селосы

Қайтыс болған күні

14 қазан 1973 (1973-10-14) (68 жас)

Қайтыс болған жері

Қазан қаласы

Мемлекет

 КСРО

Әскер түрі

атқыш

Қызмет еткен жылдары

19431943

Атағы

генерал-майор

Шайқасы

Ұлы Отан Соғысы

Селолық медреседе оқығаннан кейін, 1923-26 жылдар аралығындакеңестік партиялық мектепті тәмамдап, Семей облысындағы Бұқтырма кентінде нұсқаушы қызметін атқарды. 1927 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, бірінші Қызыл қазақтар дивизиясында қатардағы жауынгер болды. 1930-31 жылдар жаяу әскер училещесінде, 1941 жылы М.В.Фрунзе атындағы кешкі факультетте оқыды. Сол жылдың маусым айынан бастап Ұлы отан соғысында Мәскеу, Калинин майдандарындағы шайқастарға қатысты. 1941-42 жылдар аралығында Сайфуллин қатысқан 709-Алтай атқыштарполкі 73 елді мекенді жаудан азат етті. Сайфуллин Қазақстанда жасақталған 38-атқыштар дивизисының командирі болды. Харьков, Курск, Воронеж, Ворошиловград және Ростов облыстары аймағында аса ауыр қорғаныс ұрыстарына қатысты. Жаңадан құрылған гвардиялық дивизияны басқарып, Белгород, Харьков қалаларын азат етті. Днепрдің оң жағалауына өтіп, плацдарм құрып, оны қолдан шығармады. Көрсеткен ерліктері үшін Сайфуллинге КСРО Жоғарғы Кеңес Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (26.10.1943). Сондай-ақ ол Ленин, Қызыл Ту, екінші дәрежелі Суворов ордендерімен және медальдармен марапатталды.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 663 бет.ISBN 9965-893-73-Х