Василий Митрофанович Бенберин

Бенберин Василий Митрофанович (1918, Сандықтау ауданы Богословка ауылы — 2005) — Кеңес Одағының батыры.

Жоғары партия мектебін бітірген (1949). 1938 жылы армия қатарына алынып, 14-кавалерия дивизиясының қатардағы жауынгері болды. Орыс-фин және 1941 жылдың қарашасынан 2-дүниежүзлік соғысқа қатысқан. 1943 жылы желтоқсанынан 1944 жылы сәуіріне дейін Орлов танк училищесінің курсанты, кейіннен 44-гвардия танк бригадасы танк взводының командирі болды. Познань қаласын азат ету кезінде ерлігімен көзге түскен (Польша, 1945 жылы, қаңтар). 1949 — 51 жылдары Қазақстан Компартиясы Көкшетау облысы комитетінде нұсқаушы, 1951 жылдан Алматы қаласы Октябрь аудандық партия комитетінің өнеркәсіптік-көлік бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді. 1975 жылдан зейнеткерлік демалыста.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том