Василий Иванович Чапаев

Чапаев Василий Иванович (28 қаңтар 1887(18870128), қазіргі Чебоксары қаласының маңы — 5 қыркүйек 1919, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Чапаев а.) — Азамат соғысының батыры. 1914 — 18 ж. 1-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Подпрапорщик атағын алып, 3 рет Георгиев кресімен, медальдармен марапатталған.

Чапаев Василий Иванович

Өмірбаяны

өңдеу

1917 ж. кеңес өкіметі жағына шығып, 1918 жылғы қаңтардан Николаевск қаласындағы гарнизонның әскери комиссары, 1918 жылдың мамырынан оралдық ақ казактар мен ақ чехтарға қарсы соғыста бригада командирі, ал қыркүйектен 2-Николаевск дивизиясының командирі болды. 1918 жылғы қарашадан 1919 жылғы қаңтарға дейін Бас штаб академиясында оқыды. 1919 ж. наурыздан Ерекше Александров-Гай бригадасының, сәуір — маусымда 25-атқыштар дивизиясының командирі болып, Колчак армиясына қарсы ұрыстарға қатысты. Соғыс қимылдарына ойдағыдай басшылық еткені үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1919 ж. 11 шілдеде 25-дивизия Орал қаласын азат етті. 1919 ж. 5 қыркүйектің түнінде ақ гвардияшылар Ілбішінде (қазіргі Чапаев а.) дивизия штабына кенеттен шабуыл жасады. Ч. өзінің серіктерімен күші басым жауға қарсы ерлікпен соғыс жүргізіп, осы шайқаста жау оғынан қаза тапты.

Ескерткіштер

өңдеу

Ч-тың аңызға айналған ерлігі Д.А. Фурмановтың “Чапаев” повесінде, осы аттас кинофильмінде, әдебиет пен өнердің, т.б. шығармаларында суреттелген. Чебоксары қ. және Чапаев а-нда оған ескерткіш орнатылған, музей ашылған.

Дереккөздер

өңдеу

Сілтемелер

өңдеу