Василий Васильевич Бирюков

Василий Васильевич Бирюков -(30.12.1907, қазіргі Шығыс Қазақстан облысын Көкпекті а. - 1.9.1966, Алматы) - инженер-архитектор. 2-дүниежүз соғысқа қатысқан.

1932 ж. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) азаматтық инженерлер институтын бітірді. 1933 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік жобалау (кейін "Казгорстройпроект") институтында қызмет атқарды. Бирюков жобасы бойынша салынған объектілер: Ақтөбе, Қостанай, Шымкент медециналық институттары. Алматыдағы қыздар педогогикалық институты, финанс және Ішкі істер министірліктерінің ғимараттары. Бирюков Қазақстанда алғашқылардың бірі болып сейсмикалық жағдайдағы құрылыс беріктігін зерттеумен шұғылданды.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8