Бөкей хан

Бөкей хан (туған жылы белгісіз — 21.5.1815) — Бөкей ордасының ханы (180115).

Бөкей хан
Бөкей Нұралыұлы
Лауазымы
Бөкей ордасының 1-ші ханы
1801 — 1815
ІзбасарыШығай хан
Өмірбаяны
ДініИслам
Дүниеге келуібелгісіз
Қайтыс болуы12 мамыр 1815 (1815-05-12)
ЖерлендіСейіт баба зираты (қазіргі Астрахан облысы Краснояр ауданы)
ӘкесіНұралы хан
БалаларыӘділ сұлтан, Тәуке сұлтан, Жәңгір-Керей хан

Өмірбаяны

өңдеу

Әбілқайыр ханның немересі, Нұралының баласы. Айшуақ хан тұсында хан кеңесінің төрағасы болды. Бөкей 1801 жылы Ресей өкіметінен рұқсат алып, Кіші жүз қазақтарының бір бөлігін Жайық пен Еділ аралығындағы ноғайлы қазақтардың ескі жұртына қоныстандырды. Каспий жағалауындағы Дамбай деген жерде өз ордасын тікті. 1812 жылы Бөкей ордасының ханы болып сайланды. 1815 жылы хан тағын мұрагерлік жолмен Жәңгір иеленді. Бөкей ханның бейіті Еділдің оң жағасындағы Сейіт баба зиратында (қазіргі Астрахан облысы Краснояр ауданы).[1]

Дереккөздер

өңдеу

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

  1. Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;

Қосымша ақпарат

өңдеу