Биологиялық ресурстар

Биологиялық ресурстар (Биологические ресурсы) — тірі табиғат объектілерінде жинақталған (қорланған) адамға қажетті материалдық және рухани байлықты (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғаттың таңғажайып ландшафтары, микроорганизмдер) алудың көздері мен алғы шарты. Жалпы Биологиялық ресурстарбиосфераның орта түзуші барлық тірі рауыштары өндірушілерден, тұтынушылардан және ыдыраушылардан түзіліп, олар сан, мөлшер жағынан, жыл сайын өніп-өсіп қайталанып отырады. Дегенмен Биологиялық ресурстар сан жағынан қалпына келгенмен, сапа жағынан қалпына келе қоймайды, оған себеп: тірі түрдің, оның ішінде ірі жүйелі топтың немесе экожүйенің жойылып кетуі. Биологиялық ресурстар өсімдіктер ресурстары және жануарлар әлемінің ресурстары және т.б. болып бөлінеді. Генетикалық ресурстардың маңызы ерекше.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5