Биксент Лизаразю

Бишенте Лизаразю (Лисарасу) (баск Bixente Lizarazu [biˈʃente lisaˈrasu], фр. Bixente Lizarazu; 9 желтоқсан 1969[1]) — франциялық футболшы, қорғаушы. 1998 жылғы әлем, 2000 жылғы Еуропа чемпионы. Әлем футболы тарихындағы ең үздік қорғаушылардың бірі.

Бишенте Лизаразю Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

9 желтоқсан 1969 (1969-12-09) (54 жас)

Туған жері

Сен-Жан-де-Люз (Франция)

Азаматтығы

Франция Франция

Бойы

169

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Жастар клубы
1977—1984Франция Элантинс (Андай)
1984—1987Франция Бордо
Клуб карьерасы[* 1]
1988—1996Франция Бордо272 (23)
1986—1989Франция Бордо B43 (10)
1996—1997Испания Атлетик Бильбао33 (2)
1997—2004Германия Бавария205 (16)
2004—2005Франция Олимпик Марсель24 (0)
2005—2006Германия Бавария25 (2)
Ұлттық құрамы[* 2]
1992—2004 Франция97 (2)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Өмірбаяны

өңдеу

Франциядағы Баскон аймағында дүниеге келген. Ата-анасы Бишенте деп ат қойғанымен, жергілікті шенеуніктердің бірі баск есімін туу туралы куәлікке тіркеуге қарсы болды да, Биксент деп жазылып кетті.

"Бордо" клубының түлегі. 1996 жылы "Атлетик Бильбаода" бір маусым ғана ойнап, Германияға жол тартты. Содан кейінгі жарқыраған жылдарының бәрі "Баварияда" өтті. "Бавария" сапында мүмкін болған жүлделердің бәріне қол жеткізді.

Футболдан бөлек бразил джиу-дитсуымен де айналысқан, тіпті 2009 жылы өз жасындағылар арасында әлем чемпионы атанды да.

Қазір Баскондағы Сибуре қаласында тұрады.

Жетістіктері

өңдеу

Бавария

  • Германия чемпионы: 1999, 2000, 2001, 2003, 2005, 2006
  • Германия кубогы: 1998, 2000, 2003, 2005, 2006
  • Чемпиондар Лигасы: 2001
  • Құрлықаралық кубок: 2001
  • Германия Лига кубогы: 1999, 2001

Франция

  • Әлем чемпионы: 1998
  • Еуропа чемпионы: 2000
  • Конфедерациялар кубогы: 2001, 2003 .

Дереккөздер

өңдеу

Әдебиет

өңдеу
  • Жан Филипп, Патрик Форт. Зинедин Зидан. Биография. — Эксмо, 2019. — 432 б. — ISBN 978-5-04-095923-5.

Сілтемелер

өңдеу