Аңқал (Clіnopodіum) – еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда Іле, Күнгей Алатауларының беткейлеріндегі жапырақты ормандарында, өзен бойларында өсетін 1 түрі – тегісжиек А. (С. іntegerrіmum) бар. Биікт. 30 – 40 см. Сабақтары түкті, төрт қырлы. Жапырақтары ұзынша, сыртын түк басқан. Гүлшоғыры көп гүлді, қалың. Гүлжапырағы көп, тостағаншасы түкті, кейде тықыр. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, маусым – тамызда жемістенеді. .[1]

Сыртқы сілтемелер өңдеу

Дереккөздер өңдеу

  1. Қазақ Энциклопедиясы, I-том