Аңшы — аң аулауды кәсіп еткен саятшы адам.[1] Оны құсбегі, бапкер деп те атайды. Қазақ аңшылыққа: “Бүркітші үстіңді бүтіндейді, қыбыңды қандырады, қақпаншы қарныңды тойғызады, тұзақшы аш қалдырмайды...” деп тіршіліктің бір тұтқасы ретінде қараған. Кейде аңға көңіл көтеру үшін де шығады. Ит жүгіртіп, құс салу серілік салтанат деп саналған. Қазақ ішіндегі А-лар қолданған құралы, істеген амалына қарай былайша жіктеледі:

  1. Саятшы — аңға мезгілімен қан сонарда саят құратын қазақтың дәстүрлі аңшысы. Қыран бүркіт, жүйрік ат, ұшқыр тазы баптап, түзу мылтық, бұзау тіс қамшы, сойылмен қатар т.б саятшы жабдықтары пайдаланады .
  2. Мерген — садақпен, мылтықпен аң атады. Аю, қасқыр, бұғы, марал, арқар, елік, таутеке, қарақұйрық т.б. аң алады.
  3. Қақпаншы — аңды қақпанмен аулайды. Түлкі, қасқыр, суыр секілді аңдардың ініне, жүретін жолына қақпан құрады.
  4. Моршытүлкі, күзен секілді аңдардың ініне түтін салып, іннен шыға қашқанда ұстайды.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2