Анатоль Франс
Франс (France) Анатоль (шын аты Анатоль Франсуа Тибо) (16.4.1844, Париж қала — 12.10.1924, Сен-Сир-Сюр-Луар) — француз жазушысы, Нобель сыйлығының иегері (1921). Әдеби қызметін қысқа мақалалар, рецензия жазудан бастаған. “Сильвестер Боннардың қылмысы”, “Таис”, “Қазіргі тарих” атты романдар жазған ол өз шығармаларында сол кездегі Франциядағы өмір шындығын бейнеледі. Әдеби сынмен де айналысты, “Эпикур бағы” атты афоризмдер жинағын шығарды. Саяси мәселелерге де араласып, 20 ғасырдың бас кезінде социалистермен жақындасып, “Юманите” газетіне мақалаларын, кейіннен “Ақ тасты үстінде” атты романын жариялады. “Пингвин аралы” романы 1961 ж. қазақ тілінде жарық көрген.
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/09/Anatole_France%2C_par_T.A._Steinlein.jpg/200px-Anatole_France%2C_par_T.A._Steinlein.jpg)
Сілтемелер
өңдеу"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
🔥 Top keywords: Басты бетҚазақша жыл санауАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыИсламдағы жыныстық өмір әдебіАбай ҚұнанбайұлыБаланы қырқынан шығаруМұхаммедБесін намазыҚазақстанЕтеккірАрнайы:Жуықтағы өзгерістерАлланың есімдеріТуыстық атауларыЕкінші дүниежүзілік соғысАрғынҰлы Отан соғысыЖүрек ауруларыНаймандарҚуық түбі безінің қабынуыҚазақ хандарыҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыКөкжөтелҚоңыратСалауатӘл-Уақиға сүресіАқжол биСоқырішекЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміАбылай ханШыңғыс ханЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларӘмір ТемірЖылқы малының атауларыЕсет КөтібарұлыХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміАхмет БайтұрсынұлыӘл-Фатиха сүресіКенесары хан