Алтын Орда дәуіріндегі тұрақжайлар

Алтын Орда дәуіріндегі тұрақжайлар – 13–14 ғ-лардан сақталған көне қала орындары.

Батыс Қазақстандағы Алтын Орда орталығы болған Сарай, Сарай-Бату, Сарай-Берке, Жаңа Сарай сияқты қалаларды орыс ғалымдары Г.А.Федоров-Давыдов, В.Л.Егоров зерттеген. Соңғы жылдары Қазақстан археологтары Орда тұрақжайларында жүйелі зерттеулер жүргізді. Олардың сол дәуірдегі қыпшақтардың үйлері екендігі анықталды. Үйлердің құрылыс жүйелерінің ерекшеліктері тұрғындардың этникалық құрамдарының әр түрлі болғандығын дәлелдейді. Орталық Қазақстан жерінде Алтын Орда қоныстарын археолог Ж.Е.Сымайылов зерттеді. Жұмыс барысында Басқамыр, Нөгербек дарасы, Хан ордасы, Домбауыл, Алашахан, Тоғызбайқұл, Шотқара, Айбас, т.б. бекініс тұрақжайлары белгілі болды. Ашылған тұрақжайлардан алынған заттай деректер Орталық Қазақстанда ерте орта ғасырдан бастап (8 ғ.) соңғы орта ғасырға (17 ғ.) дейін отырықшылықтың, сәулет құрылыс жүйелерінің жоғары дамығанын көрсетеді.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Смаилов Ж. Е., Памятники археологии Западной Сары-Арки. (Средневековые городища и населения), Балхаш, 1997.

Сілтемелер

өңдеу