Аккомпанемент

Аккомпанемент (фр. accot-pagnement, accompagner– сүйемелдеу) негізгі вокалдық не аспаптық әуеннің музыкалық сүйемелденуі. Фортепьяно, гитара, баян, домбыра, тағы басқа аспаптарда орындалады. Сол сияқты аспаптық не ән ансамблімен, хор немесе оркестрмен де орындалады. Сүйемелдеушіні аккомпаниатор дейді.[1][2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 1-том
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8