Азқылтанды құрттар

Азқылтанды құрттар[1] (Оlydochaeta) – буылтық құрттар өкілі. Ғылымға шамамен 35 мыңға жуық түрі белгілі. Көпшілігі тұщы суларда, ылғалы мол топырақта, кейбір түрлері теңіздерде тіршілік етеді.

Азқылтанды құрттардың арасында ұзындығы бірнеше см-ден 3 м-ге (Мegascolіdes australіs) жететіндері де кездеседі.

Жауын құрты

Ірі түрлері тек тропиктік аймақта тіршілік етеді.
Азқылтанды құрттардың денесі қайталанып отыратын 500 – 600 біркелкі сақиналардан тұрады.
Дене сегменттерін сыртынан тығыз жамылғы (қабықша) жауып тұрады. Көпшілік түрлерінің терісінде әр түрлі шырындар шығаратын тері бездері, әр түрлі түс беретін пигменттер бар. Жүйке жүйесі көмегімен сыртқы дүниені сезіне алады, бірақ көбінің көзі болмайды.

Жануарлар дүниесінде алғашқы қан айналу жүйесі Азқылтанды құрттарда пайда болған.
Топырақта өмір сүретіндері терісі арқылы, ал теңізде тіршілік ететіндері желбезектерімен тыныс алады.
Азқылтанды құрттар балдырлармен, бактериялармен, әсіресе, өсімдіктердің шіріген қалдығымен қоректенеді.
Көбею жолы қос жынысты (гермофродит), тура дамиды (метаморфозсыз).
Қазақстанда көп тараған түрі – жауын құрты. Олар топырақ құнарлылығын арттырады. Ал суда тіршілік ететін түрлерін балықтар қорек етеді.

Дереккөздер

өңдеу
  1. "Қазақ Энциклопедиясы"