Автоматтар теориясы

Автоматтар теориясы — теориялық кибернетиканың дискретті ақпараттың түрлендіргіштерін зерттейтін саласы.

Ол есептеуіш машиналарды жобалауға және биология, экономика тағы басқа күнделікті өмір талабы аса қажет еткен ғылым салаларындағы ақпараттарды қайта өңдеу процестерінің математикалық модельдерін жасауға байланысты пайда болды.Автоматтар теориясы Автоматтар теориясының негізі абстракт автомат пен автоматтар композициясы ұғымдарынан тұрады. Абстракт автомат ұғымы қарастырылатын қондырғыны, яғни өзі жүзеге асыратын ақпараттарды қайта өңдеу алгоритмі тұрғысынан сипаттайды. Автоматтар композициясы қондырғыны оның құрылысы тұрғысынан қарастырады. Қазіргі автоматтар теориясы — сан алуан мәселелері бар және жан-жақты қолданылатын дербес ғылым саласы.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9