Абхаз патшалығы

Абхаз патшалығы — Қап (Кавказ) тауы өңіріндегі ортағасырлық мемлекет.

Бедий шіркеуінен шыққан кесе, Баграт III патша билігі дәуірі

Астанасы — Кутатиси (Кутаиси) қаласы болған. Халқы негізінен — абхаздар, мегрелдер және свандардан құралған. 8 ғасырдың 80-жылдары абхаз князі Леон ІІ Батыс Грузия халқының Византияға қарсы азаттық күресіне басшылық етіп, патша деген атақ алды. Бүкіл Батыс және Шығыс Грузияның бір бөлігі Абхаз патшалығының құрамына кірді. Ол көршілес грузин мемлекеттерімен, Таяу Шығыстағы және Жерорта теңіз алабындағы елдермен қызу сауда жүргізіп отырған. 9-10 ғасырдың 1-жартысында Абхаз патшалығы біршама күшейді. Георгий (955 жылы) және Леон ІІІ (955-967) патшалардың тұсында мемлекет жері едәуір кеңейді. 975 жылы Абхаз патшалығы біріккен Грузия мемлекетінің құрамына енді.[1]

Дереккөздер өңдеу

  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы


🔥 Top keywords: Басты бетҚазақ хандығыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күніҚазақстан мемлекеттік рәміздеріЖүсіпбек АймауытовҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныАбай ҚұнанбайұлыБеғазы-Дәндібай мәдениетіАрнайы:ІздеуАлаш партиясыДоктринаШоқан Шыңғысұлы УәлихановТүрік қағанатыҚазақстанАрифметикалық прогрессияАхмет БайтұрсынұлыМұхтар Омарханұлы ӘуезовҚазақша жыл санауАбай жолы (роман)СақтарАқ Орда (мемлекет)ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыЫбырай АлтынсаринБұрыштың радиандық өлшеміҰлы Жібек жолыҚазақ хандарыОрталық АзияАлланың есімдеріҒұндарҮйсін мемлекетіКүнделік.кзҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіЖәдидшілдікКөмірсуларҚазақстан туыҒұндар мемлекетіАқпараттық қауіпсіздікЖасуша